Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (Оспанов К.С.) және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеттері (С.А. Баймұқанов) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және олар бұрын жарияланған ресми баспа басылымдарына хабарласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 377 бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы күші жойылатын кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Халықтың декреттелген тобына міндетті түрде медициналық тексерулерді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы № 766 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2556 болып тіркелген, «Ресми газет» 2003 жылғы 6 желтоқсан № 49 (153) жарияланған). 2. «Қазақстан Республикасындағы қышыма кезіндегі профилактика және дезинфекция жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 48 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2682 болып тіркелген, «Ресми газет» 2004 жылғы 28 ақпан № 9 (165) жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|