Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану (2007.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөніндегі үйлестірудi күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiнде үйлестіру кеңесi құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімдiлігі мәселелерi жөніндегі үйлестіру кеңесi туралы epeжe бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.13.07. № 668 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 224 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиiмдiлігі мәселелерi жөніндегі үйлестiру кеңесiнің құрамы
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер- Аслан Есболайұлы Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Супрун - Қазақстан Республикасының Виктор Васильевич Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, төрағаның орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және Самат Алпысұлы бюджеттік жоспарлау министрлігi Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры, хатшы
Айманбетова - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Гүлбану Зарлыққызы Төрағасының орынбасары
Бірәлиев - Қазақстан Республикасының Қоршаған Әлжан Хамидоллаұлы ортаны қорғау вице-министрi
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Рәпіл Сейітханұлы министрінің орынбасары
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Қасымбек - Қазақстан Республикасының Көлік Жеңіс Махмұдұлы және коммуникация вице-министрi
Өтеулина - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет Дулат Рашитұлы вице-министрi
Абе Наоми - Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Қазақстандағы үйлестірушісi
Шарман Алмаз - Америка Кұрама Штаттарының Орталық Азиядағы халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Қазақстан бойынша бағдарламалардың үйлестірушісi
Лу Брефорт - Қазақстан Республикасындағы
Симоне Вунш - Қазақстан Республикасындағы Германия
Ник Зайнал Абидин - Қазақстан Республикасындағы Ислам Даму
Анна Брамвелл - Қазақстан Республикасындағы Еуропа
Бадикова - Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Екатерина Викторовна Қазақстандағы миссиясы басшысының міндетін атқарушы
Әбдімомынова Лейла - Астана қаласындағы Еуропа Қайта Құру
Юрико Шоджи - Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Даму
Вермерт Стивен - Азия Даму Банкінің Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры
Шин Ы Чоль - Корея халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры;
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Ержан Жалбақұлы Мәдениет және ақпарат вице-министрi
Омаров - Қазақстан Республикасының Қадыр Тоқтамысұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Сабдалин - Қазақстан Республикасының Төтенше Абылай Қиялұлы жағдайлар вице-министрi
Сәтқалиев - Қазақстан Республикасының Алмасадам Майданұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы Бақыт Тұрлыханұлы вице-министрi
Үкіметінiң 2005 жылғы 19 қазандағы № 1047 қаулысымен Бекiтiлген
Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігi мәселелерi жөнiндегі үйлестiру кеңесi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану тиімділігі мәселелерi жөнiндегі үйлестiру кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ қызметi Кеңестiң мақсаттары мен міндеттерiне қайшы келмейтін қарыз берушілермен және донорлармен өзара iс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады. 4. Кеңес шешімдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
5. Кеңестiң негiзгi міндеттерi: 1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының қарыз берушiлермен және донорлармен ынтымақтастығының қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi мiндеттерi жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауға, тартуға және пайдалануға байланысты проблемалық мәселелердi талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ оларды шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану жөніндегі мәселелерді шешуге жәрдемдесу; 4) халықаралық құқық нормаларына сәйкес мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдiру жөніндегi ұсынымдар мен ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады. 6. Негізгі мiндеттердi орындау мақсатында Кеңес мынадай функцияларды атқарады: 1) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі ұсыныстарды, мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлауды, тартуды және пайдалануды үйлестiрудiң проблемалық мәселелерiн қарайды; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тиімді жоспарлау, тарту және пайдалану мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды, ұсынымдар мен консультативтiк қорытындыларды дайындайды және Қазақстан Республикасының Үкiметіне енгізеді; 3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды тарту және пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына консультациялық жәрдем көрсетеді; 4) Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасының мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімді пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық құқық нормаларына сәйкес келу мәнiне талдау жасайды.
7. Кеңес өз мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, материалдарды және ақпаратты сұратады; 2) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды жоспарлау, тарту және тиімдi пайдалану мәселелерi жөнiнде ұсынымдар бередi; 3) мемлекеттік қарыздар мен гранттарды үйлестiруге байланысты мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді; 4) Кеңес құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарының өкiлдерiн, қарыз берушілер мен донорларды Кеңес отырыстарына шақырады және тыңдайды; 5) Кеңес шеңберінде әлеуметтiк-экономикалық қызметтің жекелеген бағыттары бойынша арнайы жұмыс топтарын құрады.
8. Кеңестi төраға басқарады. 1) Кеңес жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады; 2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді; 3) Қазақстан Республикасы Үкiметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында Кеңес жұмысының қорытындылары туралы есеп бередi. 1) Кеңес жұмысының жоспарын әзiрлеудi қамтамасыз етедi; 2) Кеңес отырыстары күн тәртібінiң жобасын қалыптастырады; 3) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық шешімдердiң жобаларын дайындауды ұйымдастырады; 4) Кеңес мүшелерiн және қарыз берушiлер мен донорлардан шақырылған өкiлдердi Кеңестiң кезектi отырысының өткізiлетiн орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабардар етедi; 5) Кеңес отырыстары хаттамаларының үзiндiлерiн өз қолымен растайды. 11. Кеңес отырыстары қажеттілігiне қарай, бiрақ кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi және егер Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып саналады. 12. Төраға болмағанда отырыстарға Кеңес төрағасының орынбасары төрағалық етеді. 13. Кеңес шешімдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшін қатысып отырған Кеңес мүшелерiнің басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Қабылданған шешімдер хаттамамен pесімделеді. 14. Шешім қабылдау кезiнде Кеңес мүшелерi тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. 15. Кеңес мүшелерінің ерекше пiкiрге құқығы бар, ол білдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуi тиіс. 16. Қажет болған жағдайда Кеңес шешімдерi Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарына Кеңес отырыстарының хаттамаларынан үзінділер жіберу жолымен жеткiзіледi. 17. Кеңестің жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
|