Осы редакция 2010 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысымен бекітілген
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік
1.«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасының және «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығының (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 550-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып оның қолданылу мерзімі шектеусіз болады, кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және аккредиттелген кәсіби ұйымдардың тізілімінде міндетті тіркеуге жатады. 6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|