|
|
|
Қазақстан Республикасының (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңын қараңыз (2013 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңын қараңыз (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - уәкілетті органның бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлікпен расталған, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құқықтылығын тануы; 2) бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісінің және оны жасауға берілген құқықтың қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттық растамасы; 3) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) - кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға; 4) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым; 5) бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде көрсету үшін есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар; 6) бухгалтерлік ұйым - бухгалтерлік есеп саласында қызмет көрсететін, кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын ұйым; 7) жария мүдделі ұйымдар - қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар; 8) кәсіби бухгалтер - кәсіби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға; 9) кәсіби бухгалтер сертификаты (бұдан әрі - сертификат) - сертификаттау жөніндегі ұйым берген, бухгалтердің кәсіби біліктілігін куәландыратын құжат; 10) қаржылық есептілік депозитарийі (бұдан әрі - депозитарий) - қаржылық есептіліктің ұйымдар жыл сайын өткізіп отыратын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы; 11) қаржылық есептілік стандарты - бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау принциптері мен әдістерін белгілейтін құжат; 12) қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттары (бұдан әрі - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептіліктің уәкілетті орган бекіткен стандарттары; 13) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (бұдан әрі - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитетінің Қоры бекіткен қаржылық есептілік стандарттары; 14) уәкілетті орган - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) дара кәсіпкерлерге; заңды тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне (бұдан әрі - ұйымдар) қолданылады. 2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес біржолғы талон немесе патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмауға құқылы. 3. Мемлекеттік мекемелерді, ірі кәсіпкерлік субъектілерін және жария мүдделі ұйымдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен ұйымдар мынадай санаттарға: 1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне; 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 2) тармақшасы өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталғандарды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға, шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген филиалдарына, өкілдіктеріне және тұрақты мекемелеріне; 3) орта кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарға (қазыналық кәсіпорындарға) жатқызылуына қарай қаржылық есептілік жасауды ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады. 4. Ірі кәсіпкерлік субъектілері мен жария мүдделі ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға міндетті. 5. Осы баптың 3-тармағында аталған ұйымдар есептілік саясатын бекіткен олардың басшы органдарының шешімі бойынша қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.
3-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI
4-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің принциптері мен негізгі сапалық сипаттамалары 1. Есептеу мен үздіксіздік бухгалтерлік есепті жүргізудің және қаржылық есептілікті жасаудың принциптері болып табылады. 2. Түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары болып табылады.
6-бап. Бухгалтерлік есеп жүйесi 1. Бухгалтерлік есеп дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытудың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасымен, сондай-ақ есеп саясатымен регламенттелген тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді. 2. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес, олардың қажеттіліктері мен қызмет ерекшеліктері негізге алына отырып, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау үшін дара кәсіпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптерді, негіздерді, ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіреді. 3. Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетіледі, бұл ретте: 1) бухгалтерлік жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына сайма-сай бекіту және бухгалтерлік жазбаларда барлық операциялар мен оқиғаларды көрсету; 2) операциялар мен оқиғаларды хронологиялық тәртіппен және уақтылы тіркеу; 3) әрбір айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша синтетикалық (қорытынды) есепті талдамалық (егжей-тегжейлі) есеппен сәйкес келтіру қамтамасыз етілуге тиіс. 4. Операциялар мен оқиғалар ұйымдардың уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген талаптарға сай келетін бухгалтерлік есеп шоттары үлгі жоспарының негізінде синтетикалық шоттарда екі рет жазу тәсілімен көрсетіледі. Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебін жүргізу тәртібін дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрі - басшылық) белгілейді, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсіпкердің немесе ұйымның қажеттіліктерін негізге ала отырып ағымдағы басшылықты және істерді жүргізуді жүзеге асырады. 5. Жеке кәсіпкерлер мен ұйымдар мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды қамтамасыз етеді.
1. Бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті және есеп саясатын қамтиды. Бухгалтерлік жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі. 2. Операцияларды немесе оқиғаларды ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді. 3. Нысандары немесе оларға қойылатын талаптар осы баптың 2-тармағына сәйкес бекітілмеген қағаз және электрондық жеткізгіштегі бастапқы құжаттарды дара кәсіпкерлер мен ұйымдар дербес әзірлейді және олар мынадай міндетті реквизиттерді қамтуға тиіс: 3) құжат өз атынан жасалған ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің тегі және аты-жөні; 4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны; 5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бірлігі (сандық және құндық көрінісінде); 6) операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегі, аты-жөні және қолы; 7) салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсіліне қарай бастапқы құжаттарға қосымша реквизиттер енгізілуі мүмкін. 4. Бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның іске асырылу кезінде не олар аяқтала салысымен жасалуға тиіс. 5. Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталады және жүйеленеді, олардың нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітеді. Бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің деректері топтастырылған түрде қаржылық есептілікке көшіріледі. 6. Электрондық жеткізгіштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін жасау кезінде дара кәсіпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берілген мемлекеттік органдардың талап етуі бойынша осындай құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде дайындауға тиіс. 7. Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Басқа бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келісім бойынша ғана енгізілуі мүмкін, бұл түзетулер енгізілген күні көрсетіле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталуға тиіс.
8-бап. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 1. Басшылық немесе дара кәсіпкер: 1) есеп саясатын келіседі және (немесе) бекітеді; 2) бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және ұйымның жарғысымен (ережесімен) бекітіледі. 2. Басшылық немесе дара кәсіпкер есеп жұмысының көлеміне қарай: 1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімше ретінде бухгалтерлік қызмет құруды; 2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгізуді; 3) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды шарт негізінде бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсіби бухгалтерге беруді; 4) бухгалтерлік есепті жеке жүргізуді жүзеге асыра алады. Жария мүдделі ұйымдарға осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күші қолданылмайды. Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесі болып табылатын ұйым - шетел институтының мүшесі бухгалтерлік ұйымға теңестіріледі.
9-бап. Бухгалтерлік қызметтің басшысы Бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілік жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететін бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлік қызметтің басшысы (бұдан әрі - бас бухгалтер) болып табылады. 9-баптың екінші бөлігі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі Жария мүдделі ұйымның бас бухгалтері лауазымына кәсіби бухгалтер тағайындалады.
10-бап. Бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы 1. Басшылық немесе дара кәсіпкер бухгалтерлік құжаттарға қол қою құқығы бар адамдарды анықтайды. Бұл ретте адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшеріне, операцияның қолданыс аясына және мәніне қарай қол қою құқығының сатылылығы белгіленуі мүмкін. 2. Электрондық қолтаңбаны пайдаланатын дара кәсіпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаны пайдалану және оларға қол жеткізу құқығына қатысты тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.
11-бап. Бухгалтерлік құжаттарды сақтау Дара кәсіпкерлер мен ұйымдар бастапқы құжаттарды, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті, есеп саясатын, есепке алу деректерін электрондық өңдеу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде сақтауға міндетті.
12-бап. Бухгалтерлік ақпарат құпиясы 1. Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткізуге басшылықтың немесе дара кәсіпкердің рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етіледі. 2. Аталған құжаттарға қол жеткізе алатын адамдар ондағы ақпаратты олардың иесінің келісімінсіз жария етпеуге міндетті және оны жеке мүддесі үшін пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдар оны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
13-бап. Қаржылық есептілік элементтерi 1. Активтер, міндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады. Активтер - дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар. Міндеттеме - дара кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады. Капитал - дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелер шегеріліп тасталғаннан кейінгі үлес. 2. Кірістер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемімен тікелей байланысты элементтер болып табылады. Кірістер - есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады. Шығыстар - есепті кезең ішінде активтердің қолдан кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
14-бап. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау және есепке алу 1. Қаржылық есептілік элементтерін бағалау - аталған элементтер бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте танылатын және тіркелетін ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдістері мен тәртібі халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. 2. Қаржылық есептілік элементтерін есепке алу әдістері және тану тәртібі халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.
1. Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратты білдіреді. 2. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда, қаржылық есептілік мыналарды қамтиды: 1) бухгалтерлік баланс; 2) пайда мен зияндар туралы есеп; 3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп; 4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп; 5) түсіндірме жазба. Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді. 3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді. 4. Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды. Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік ұйым немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін ұйымның қаржылық есептілігіне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлік ұйымның басшысы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.
16-бап. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары Қаржылық есептілікті жасауды ұйымдар Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары комитеті Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.
17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептілік Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі жөніндегі қаржылық есептіліктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауға және ұсынуға міндетті.
1. Жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтізбелік жыл болып табылады. 2. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.редқара) 19-бап. Қаржылық есептілікті табыс ету 1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға); 2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттеріне сәйкес қаржылық есептілікті ұсынады. 2. Қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіліп ұсынылады. 3. Ұйымдар жылдық қаржылық есепті есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады. 4. 18-бапта көрсетілген мерзім шегінде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептілікті ұсыну мерзімін айқындауға және жылына бір реттен сирек болмайтын өзге кезеңділікті белгілеуге құқылы. 5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргізіледі. 6. Жария мүдделі ұйымдар (қаржылық ұйымдардан басқа) жылдық қаржылық есептілікті уәкілетті орган бекіткен тізбеге, нысандарға сәйкес мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға міндетті. Қаржылық ұйымдар жылдық қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жариялайды. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жария мүдделі ұйымдар үшін депозитарий құрылуы мүмкін, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті өткізуге міндетті.
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.редқара) 20-бап. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу 1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеу ерекшеліктерін уәкілетті орган мемлекеттік мекемелер үшін Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен белгілейді. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі (Директорат) жүзеге асырады. 4. Қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді - нормативтік құқықтық актілерді және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 5. Уәкілетті орган: 1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді; 2) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін айқындайды; 3) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды; 4) ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді; 6) бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын әзірлейді және бекітеді; 7) ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды; 8) өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 9) консультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу туралы ұсыныстарын қарайды; 10) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді; 11) кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережелерін бекітеді; 12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 13) аккредиттеу ережелері сақталмаған жағдайда, кәсіби ұйымдарға, сертификаттау жөніндегі ұйымдарға ескерту жасайды; 14) кәсіби ұйымды, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу жөніндегі куәлігінен айыру туралы шешім қабылдайды; 15) кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың есептілікті ұсынуының тізбесін, нысанын және мерзімділігін анықтайды; 16) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды; 17) консультациялық орган туралы ережені бекітеді; 18) депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді; 19) сертификаттың нысанын келіседі. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды 20) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды 21) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |