Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 165-ө-м бұйрығымен күші жойылды
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттарын белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызмет корсету стандарты; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттарын белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттарын белгілейтін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты бекітілсін. 2. Әлеуметтік көмек департамент (Манабаева К. А.): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнамалық тәртіпте ресми жариялануын; 2) осы бұйрықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін. 4. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|