|
|
|
Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы (2012.27.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 3-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесі және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшері бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1245 және № 1253 қаулыларының күшін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 тамыздағы № 1316 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбында және 1-тармақта: «қаулыларының» деген сөз «қаулысының» деген сөзбен ауыстырылсын; «және № 1253», «және «Қазақстан Республикасында биржалық қызметті дамыту жөніндегі шаралар туралы» № 1253» деген сөздер алынып тасталсын. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.31.12. № 1739 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.27.06. № 857 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 қаулысымен бекітілген
Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесі және ұсынылатын п артиялардың ең аз мөлшері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |