|
|
|
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар туралы үлгі ережені бекіту туралы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 452 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Ғылым комитеті (Б.Ә. Қасымбеков): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М. Орынхановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 200 бұйрығымен бекітілген
Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалар туралы үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертхана туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертхана (бұдан әрі - Зертхана) өзінің қызметінде «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Осы ереже Зертхананың құқықтық негіздерін анықтайтын құжат болып табылады, зертхана қызметінің мәселелерін регламенттейді. Зертхана Ережесімен, Жарғысымен материалдық-техникалық мүмкіндіктерді есепке ала отырып, ұйымдастыру құрылымы, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтің бағыттары, сондай-ақ Зертхана қызметкерлерінің міндеттерін бөлу анықталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |