Қазақстан Республикасы Президентінің (2010.10.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 22 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 331 Қаулысын қара
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ел экономикасының бәсекеге кабілетілігі мен тиімділігін арттыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі — Мемлекеттік комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Мемлекеттік комиссия туралы ереже; 2) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2007 жылғы 4-токсанда «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлесін және Қазакстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізсін. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007жылғы сәуірдің 13-і.
№ 314
Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Мемлекеттік комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Мемлекеттік комиссия төрағадан, оның орынбасары мен комиссия мүшелерінен тұрады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|