«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 552 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 387-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес туралы ережеде: 8-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 14-тармақтағы «жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитеті» деген сөздер «жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 86 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 шілдедегі № 1140 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|