Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы (2014.10.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2014.10.02. № 74 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 5) және 7) тармақшаларына және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары; 2) Почта жөнелтімдерінде почта мөртабанын қолдану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген
Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттарына сәйкес әзірленген және почта операторларының пайдаланушыларға почта байланысы қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды. 2. Почта байланысының қызмет көрсетуіне мыналар жатады: 1) почта байланысының баршаға қолжетімді қызметтерін көрсету, олар почта жәшіктерінен жиналып алынған және (немесе) операциялық терезелер арқылы қабылданған жай хаттарды, почталық карточкаларды және бандерольдерді жіберуді білдіреді; 2) тіркелінетін почта жөнелтімдерін жіберу бойынша қызмет көрсету, оларға: тапсырысты хатты; тапсырысты почта карточкасын; тапсырысты бандерольді; құндылығы жарияланған хатты; құндылығы жарияланған бандерольді; ұсақ пакетті; «М» қабын; жай посылканы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|