Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы (2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.
ҚР 2001.01.19 № 145-II ; 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем; 2) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган - жәрдемақы төлеуді жүзеге асыратын ұйым; 3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады. 3. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша төлеуді білдіреді. 4. Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.
ҚР 1999.11.16 № 482-I; 2000.12.21 № 130-II ; 2004.31.21 № 28-III (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді және толықтырылды; 2009.02.12. № 211-IV ҚР Заңымен 4-бап (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ мәртебесі «Ұлты Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 5-8 баптарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар; 2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасылары; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасылары; 4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері); 4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар; 5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар , сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар ; 6) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар; 7) бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедектер; 8) он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар; 8-1) он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi бiрiншi, екiншi, үшiншi топтағы мүгедек балалар; 9) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ бiрiншi және екiншi дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; 10) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін); 11) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар; 12) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады.
2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің тәртібі
ҚР 2001.01.19 № 145-II ; 2004.31.21 № 28-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі 1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады. 2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін құжаттарды қоса беру арқылы, тұратын жері бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі органға береді. 2-1. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәлiметтердi қамтитын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс стажын растайтын құжат болып табылады. Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс iстеген фактiсiн растайтын құжаттары болмаған жағдайда, жұмыс стажын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртіппен құрылатын арнаулы комиссиялар белгілейдi. 3. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды 4. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды 5. Жәрдемақының мөлшерін қайта қарау жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, сондай-ақ мүгедектік тобының өзгеруіне байланысты жүргізіледі. 6. ҚР 2001.01.19 № 145-II Заңымен алып тасталды 7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2001.01.19 № 145-II; 2002.03.21 № 308-II 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілді 6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі 1. Жәрдемақы тағайындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 2. Жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді. 3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап, заңдарда мүгедектіктің тиісті тобы үшін белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады. 4. Егер мүгедек заңдарда белгіленген мерзімде орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесіне қайта куәландыру үшін келмесе, онда жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедек деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады. Қайта куәландырудың мерзімін дәлелді себеп бойынша өткізіп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, егер орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі оны осы кезеңге мүгедек деп таныса, төлем тоқталған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді. 5. Жәрдемақы алуға құқылы екі және одан да көп адам бірге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
1999.11.16 № 482-I; 2000.12.21 № 130-II ; 2004.31.21 № 28-III (бұр. ред. қара) ; 2005.15.12. № 101-III (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (бұр.ред.қара); 2009.02.12. № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Жәрдемақы мөлшері Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жеңілдіктер тізбесін негізге ала отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға тағайындалады. Жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді. Жәрдемақы мынадай: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға - 15 айлық есептік көрсеткіш; 2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне - 15 айлық есептік көрсеткіш; 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға - 5,8 айлық есептік көрсеткіш; 4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлты Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 7,1 айлық есептік көрсеткіш; 5) Ұлты Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырған жесірлеріне - 4,2 айлық есептік көрсеткіш; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертiгу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлерінің отбасыларына; бейбiт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына; Чернобыль AЭC-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезiнде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсерiне белгiленген тәртiппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,3 айлық есептiк көрсеткiш; 7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (ерлеріне), сондай-ақ қайтыс болып соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына» белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы ауру-сырқаудың, жұмыста мертігудің немесе басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) 2,4 айлық есептік көрсеткіш; 7-1) Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға - 130 айлық есептік көрсеткіш; 7-2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар арасынан шыққан Социалистік Еңбек Ерлеріне - 70 айлық есептік көрсеткіш; 7-3) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9 айлық есептік көрсеткіш; 8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КCP Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға - 2,0 айлық есептік көрсеткіш; 8-1) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға - 2,0 айлық есептік көрсеткiш; 9) біріншi және екiншi топтардағы мүгедектерге - 1,4 айлық есептік көрсеткіш; 10) үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептік көрсеткіш; 11) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,9 айлық есептік көрсеткіш; 11-1) он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға: бірінші - екінші топтағыларға - 1,4 айлық есептік көрсеткiш; үшiншi топтағыларға - 0,6 айлық есептік көрсеткiш; 12) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 6 айлық есептік көрсеткіш; 12-1) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) - 3,9 айлық есептік көрсеткіш; 13) жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғынсүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткіш; 14) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1,0 айлық көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
ҚР 1999.11.16 № 482-I; 2001.01.19 № 145-II; 2006.04.07. № 148-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді 8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе тоқтата тұру 1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды. 2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау негіздемесі жойылған жағдайда немесе алушы қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады. 3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 3) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін. 4. Жәрдемақы алушылардың мемлекеттік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұрған кезеңіне жәрдемақы төлеу тоқтатыла турады.
9-бап. осы Заңды күшіне енгізу тәртібі Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
|