Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы (2009.30.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесі және оның мөлшері бекітілсін. 2. «Шетелдік жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелері жөніндегі тәртіптерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 862 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 280-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарға шетелде жұмысқа орналастыру жөнінде делдалдық көмек көрсетудің тәртібінде: 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Шарт жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізілгені туралы құжаттармен расталатын, қызметкерлердің Қазақстан Республикасына қайтып келу кепілдігі туралы шетелдік жұмыс берушінің міндеттемесін қамтуға тиіс.». 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыптағы және мәтін бойынша «және кепіл» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегi № 316 қаулысымен бекітілген
Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесі және оның мөлшерi
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесі және оның мөлшері (бұдан әрі - Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) кепілдік берілген жарна (бұдан әрі - жарна) - еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік қызметкердің өзінің тұрақты тұратын еліне қайта оралу кепілдігін қамтамасыз ететін ақшалай жарна; 2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі; 3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы беретін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына тарту үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшінің санын айқындайтын белгіленген нысандағы құжат.
2. Кепілдік берілген жарнаны енгізу тәртібi және оның мөлшерi
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1486 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін жұмыс берушілер әрбір шетелдік қызметкер үшін Қазақстан Республикасының банктеріне жарна енгізуге міндетті. ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1486 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Жарналар жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің біріндегі банктік шотына енгізіледі. ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1486 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Банк пен жұмыс беруші арасындағы шартта мыналар көрсетіледі: 1) шетелдік қызметкердің өзі аумағында тұрақты тұратын мемлекетті көрсете отырып, тегі, аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі; 2) әр қызметкерге арналған жарна сомасы; 3) банктің жұмыс берушіге жарналарды қайтару тәртібі. 6. Бір шетелдік қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің жақын маңдағы әуежайына дейінгі авиабилеттің «Экономикалық» сынып бойынша құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді. 7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен келген бір шетелдік қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің жақын маңдағы станциясына дейінгі темір жол (купелі вагон) немесе автомобиль көлігі билетінің құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді. 8. Банктер жарнаны жұмыс берушіге уәкілетті органның жазбаша келісімінің негізінде қайтарады. 9. Уәкілетті орган жұмыс беруші өтініш жасаған күні ол (олар) аумағында тұрақты тұратын мемлекетке кететін қызметкердің (қызметкерлердің) атына көлік құралына алынған билеттің көшірмесі не электронды авиабилетке ақы төленгені туралы түбіртектің көшірмесі болған кезде жазбаша келісім береді. 10. Жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығару кезінде шетелдік жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасында реттеледі.
|