|
|
|
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 қаулысымен бекітілген
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
1. Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметке лицензия алуға үміткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары мыналардан тұрады: 1) дипломдардың тиісті көшірмелерімен, еңбек кітапшасындағы жазбалардың расталған, телекоммуникация саласында бейіндік жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар, жалпы саны кемінде үштен бір бөлікті құрайтын инженер-техник мамандардың болуы; 2) телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес, теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер; 3) төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру сызбасы және оларды сақтау бойынша міндеттемелер; 4) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы; 5) теле-, радиоарналарды құқық иеленуші - теле-, радиокомпаниямен ретрансляциялауға (көпбағдарламалы хабар тарату үшін) арналған алдын ала шарттардың көшірмелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |