Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері (2012.26.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетілдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.12.03. № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); 2006.16.05. № 405 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 846 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінiң Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінiң Ақпарат және мұрағат комитетi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 675 қаулысымен (бұр. ред. қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Қоса берiлiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4) ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5) ҚР Үкіметінің 2011.01.08. № 888 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара). 7. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi таратылсын. 8. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күші жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1148 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.16.05. № 405 қаулысымен тақырыбындағы және мәтіндегі «, ақпарат және спорт» деген сөздер «және ақпарат» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.01.08. № 888 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.12.03. № 319 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мәдениет, ақпарат, ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, мұрағат ісі мен құжаттама, мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Мәдениет комитеті, Ақпарат және мұрағат комитеті, Тіл комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, Министрліктің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрдің бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс. ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Министрліктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 11. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.08. № 888 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 13-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3) Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер. ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.29.04. № 468 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.01.08. № 888 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 836 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру; 2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзірлеу; 3) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асыру және үйлестіру, отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдесу; 4) ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 5) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 6) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; 7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету; 8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру; 9) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсыну; 10) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асыру; 11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастыру; 12) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындау; 13) Республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізудің үлгілік ережелерін әзірлеу және бекіту; 14) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, тіл саясаты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ақпарат, телерадио хабарларын тарату, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында нормативтік құқық актілерді әзірлеу, бекіту; 15) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, бекіту; 16) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған бағдарламалар әзірлеу; 17) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту; 18) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту; 19) көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлеу және бекіту; 20) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту; 21) шығармашыл қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру тәртібін бекіту; 22) Қазақстан Республикасының мұражай қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекіту; 23) көркемдік-сарапшы кеңестер туралы ережені бекіту; 24) мәдени құндылықтарды уақытша әкету және әкелу жөніндегі сараптау комиссиясы туралы ережені бекіту; 25) Мүгедек немесе егде жастағы адамдар үшін сырттай және стационарлық емес қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту; 26) Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту; 27) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін бекіту; 28) Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесін әзірлеу; 29) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының мәтінін орналастыру және пайдалану ережесін әзірлеу; 30) мемлекет меншігі болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру жөнінде шешім қабылдау; 31) объектілерді тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытындыларды дайындау жөніндегі уәкілетті органның арнайы комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру; 32) ұлттық мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі жөніндегі сараптау комиссиясын құру; 33) тарихи-мәдени сараптама жүргізу ережесін бекіту; 34) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау тәртібін және пайдалану режимін бекіту; 35) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар ескерткіштерге меншік өкілеттіктерін жүзеге асыру; 36) мәдениет саласында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 37) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу; 38) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне құрметті атақтар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын беру туралы ұсыныстар енгізу; 39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шығармашылық ұжымдарды Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныстар енгізу; 40) мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу; 41) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру; 42) ақпараттық кеңістікке және мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама салаларында көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізу; 43) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; 44) ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізу; 45) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерін, тексеру жоспарларын әзірлеу және бекіту; 46) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындауды келісу; 47) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары құжаттардың әмбебап жинақтарын қалыптастыруды, сақтауды және кітапхана пайдаланушыларға беруді жүргізетін, кітапхана ресурстарын өзара пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын және басқа кітапханаларға әдістемелік көмек көрсететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қалалық және аудандық, облыстық маңызы бар қаланың кітапханаларына «Орталық» мәртебесін берудің тәртібін бекіту; 48) Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту; 49) фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту; 50) фильм индексі туралы ақпаратты көрсету жөніндегі стандарттарды бекіту; 51) фильмнің индексін айқындау өлшемдерін әзірлеу және бекіту; 52) мұрағат ісі жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкілдік етуін қамтамасыз ету; 53) мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру; 54) мұрағат ісі мен құжаттамалық қамтамасыз етуде жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіру; 55) мұрағаттарды, мұрағат қорларын және коллекцияларды ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызу туралы, сондай-ақ оларды оның құрамынан шығарып тастау туралы шешім қабылдау; 56) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, оның ішінде электронды құжаттарды толықтырудың, сақтаудың, есепке алудың, пайдаланудың бірыңғай қағидалары мен нормаларын бекіту; 57) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту; 58) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесін сақтау мерзімдерін көрсете отырып бекіту; 59) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазбаларды сақтау тәртібін анықтау; 60) Орталық сараптау-тексеру комиссиясын құру және ол туралы қағиданы бекіту; 61) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу; 62) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары және телерадио хабарларын тарату мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру; 63) ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 836 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 64) Журналистерді аккредиттеу қағидаларын бекіту; 65) ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 836 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 66) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру; 65-1) Министрліктің құзыреті шегінде телерадио хабарларын таратушы ұлттық оператордың қызметін үйлестіру; 65-2) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу; 65-3) телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекіту; 65-4) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу; 65-5) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу; 65-6) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу; 65-7) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиіліктердің белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлеу; 65-8) телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже әзірлеу және оның құрамы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу; 65-9) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды, дамытуды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыру; ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.29.04. № 468 Қаулысымен (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2012.12.03. № 319 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.06. № 836 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 15. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға: 1) Қазақстан Республикасының аумағында тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөнінде, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; 2) тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, телерадио хабарларын тарату жөніндегі қызметті лицензиялау; 3) бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою; 4) мәдени құндылықтарды уақытша әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру; 5) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзу; 6) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны және оны толықтыру көздері туралы деректер жинақтауды (каталогын) жүргізу; 7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына орталықтандырылған мемлекеттік есеп жүргізілуін қамтамасыз ету; 8) заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық мұрағат қоры құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсаттар беру; 9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізу; 10) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жанрлық бейімділігін және қызмет тегін айқындау; 11) республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу; 12) тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды ғылыми зерделеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 13) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар, сыйлықтар мен жүлделер өткізу; 14) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды, оның халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету; 15) телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату үшін радиожиілік номиналдарын бөлу жөнінде ашық конкурстар ұйымдастыру және өткізу; 16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру, орналастыру; 17) Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру мен толықтыру көздерінің тиісті атқарушы органдармен келісілген тізімдерін бекіту; 18) сараптау-тексеру комиссиясының қорытындысы негізінде тарихи және өзге де құндылығы жоқ және практикалық маңызын жойған құжаттарды сақтау мерзімі мен жою тәртібін белгілеу; 19) республикалық меншіктегі тарих және мәдениет деректі ескерткіштерін қорғауды, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз ету; 20) автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру, ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат желісі мен деректер банкін құру; 21) мұрағаттану, құжат жүргізу және қосалқы тарихи пәндер саласындағы ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін пайдалану; 22) мемлекеттік мұрағаттар мен басқа да мұрағат мекемелерінің қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасау; 23) басқа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағаттық анықтамалар мен мұрағат құжаттарының көшірмелеріне апостиль қоюды жүргізу; 24) Ұлттық мұрағат қорының жеке меншіктегі құжаттарын сақтау мен пайдалану жөніндегі шарттарға қол қою; 25) Үкіметтің шешімдері бойынша ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын тұрақты сақтауға басқа мемлекеттерге беру; 26) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құжаттарды ведомстволық сақтауды ұйымдастыру; 27) Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен қамтамасыз ету; 28) шет елдердегі Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын жинау мен елге қайтаруды жүргізу; 29) Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының басылып шығарылуын ұйымдастыру, сондай-ақ оларды мемлекеттің, қоғамның, азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану; 30) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы өтінімдерін қарау; 31) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету; 32) ұлттық мәдени игілік объектілері ерекше режимінің сақталуын қамтамасыз ету; 33) қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта жаңарту жобаларын, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталарын келісу; 34) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен әдебиетті республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды; 35) Фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу; 36) фильмдерге прокаттау куәліктерін беру және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алу; 37) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу; 38) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе өзгертуге келісім беру; 39) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бақылау; 40) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және күтіп ұсталу тәртібін бақылау; 41) жаңа тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнатылуын бақылау; 42) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау; |