Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу (2005.23.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және кеден шекаралары арқылы өтетiн жеке тұлғаларды, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктi мемлекеттік бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерiнiң тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Қытай Халық Республикасының өкiлдiктерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерi тiзбесiнiң бекітілуi туралы ақпаратты жеткiзсiн. 3. «Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттерi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы № 906 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: 1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын. 4. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 648 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерiнiң тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 23 желтоқсандағы № 1275 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара) 1. Ресей Федерациясымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темір жол өткізу пункттерi: Ганюшкино (Атырау облысы) Жайық (Батыс Қазақстан облысы) Сайхин (Батыс Қазақстан облысы) Жәнiбек (Батыс Қазақстан облысы) Қыргелдi (Ақтөбе облысы) Жайсан (Ақтөбе облысы) Шыңғырлау (Батыс Қазақстан облысы) Ақсу (Қостанай облысы) Қайрақ (Қостанай облысы) Пресногорьков (Қостанай облысы) Мамлютка (Солтүстiк Қазақстан облысы) Булаев (Солтүстiк Қазақстан облысы) Шарбақты (Павлодар облысы) Ауыл (Шығыс Қазақстан облысы) Шемонаиха (Шығыс Қазақстан облысы) Жезкент (Шығыс Қазақстан облысы). ҚР Үкіметінің 2005 ж. 23 желтоқсандағы № 1275 Қаулысымен 2 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара) 2. Өзбекстан Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темір жол өткізу пункттері: Бейнеу (Маңғыстау облысы) Сарыағаш (Оңтүстiк Қазақстан облысы) Мақтаарал (Оңтүстiк Қазақстан облысы) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 23 желтоқсандағы № 1275 Қаулысымен 3 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара) 3. Қырғыз Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темір жол өткізу пункті: Мерке (Жамбыл облысы). 4. Қытай Халық Республикасымен шекарадағы көп жақты қатынас үшiн ашық темір жол өткізу пунктi: Достық (Алматы облысы).
|