Қазақстан Республикасы Президентінің (2012.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларының тізбесі мен сипаттамалары бекітілсін; 2) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградаларымен марапаттау (ведомстволық наградаларынан айыру) қағидалары. 2. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 3. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 4. Ведомстволық наградаларды, сондай-ақ оларға куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар республикалық бюджетте тиісті мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының нышандары мен ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3526 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 22, 191-құжат; 2002 ж., № 16, 169-құжат): Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|