Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат; 2004 ж., № 21, 265-құжат; 2006 ж., № 1, 1-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақ алып тасталсын; жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес, қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы наурыздың 22-і.
№ 525
Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 525 Жарлығымен бекітілген
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереже
Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы осы ереже мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін регламенттейдi.
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі - «А» корпусының кадр резерві) - «А» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|