|
|
|
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 233 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мынадай ведомстволары бар: 1) Халықаралық ақпарат комитеті; 2) Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитеті. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |