|
|
|
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 2) тармақшасы және 5-1-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 230 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай ведомстволары бар: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті; 3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті; 4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті; 5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті; 6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті; 7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |