Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 10 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің 8-тармағының 23-2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі бекітілсін. 2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы Е.Қ.Сыздықов бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 4-НП бекітілген
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) біліктілігін артыруды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін айқындайды. 2. Бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін қызметкерлердің тиісті кәсіби деңгейін қолдау, сондай-ақ қызметкерлердің білімдері мен дағдыларын арттыруға қажеттіліктерін қанағаттандыру бөлігіндегі мемлекеттік қаржылық бақылаудың «Құзыреттілік» стандартын сақтау мақсатында қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. 1) жүйелі түрде; 2) ғылыми түрде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|