«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы (2021.01.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ретінде опера және балет өнері мен концерттік орындаушылық саласындағы мемлекеттің мәдениет саясатын практикалық іске асыруға бағытталған сахналық, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу болып айқындалсын. 3. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын. 4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда қоғам жанындағы қамқоршылық кеңес (бұдан әрі - қамқоршылық кеңес) құрылсын. 5. Қоса беріліп отырған Қамқоршылық кеңес туралы ереже бекітілсін. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қоғам жарғысының бекітілуін; 2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне берілуін; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|