Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің (2012.08.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 17 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі - атқарушы органдар) қызметінің тиімділігін бағалау ережесі бекітілсін. 2. Атқарушы органдар қызметінің тиімділігін тиісті бағыттар бойынша бағалауға жауапты мемлекеттік органдар үш ай мерзімде тиісті қорытындылар дайындауды қамтитын бағалау жүргізу әдістемесін әзірлесін және бекітсін. 3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы үш ай мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің аппаратымен келісім бойынша атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жалпы бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының форматын әзірлесін және бекітсін. 4. Облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің аппараттары: 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейін атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесін бекітсін; кестеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізудің алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жүзеге асырсын. 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|