|
|
|
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса берiлiп отырған Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 851 қаулысымен бекітілген
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын тiркеудің және есепке алудың бiрыңғай тәртiбін белгілейді. 2. Қағидалар халықаралық қозғалысқа қатысатын басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген және Қазақстан Республикасына екі айдан аспайтын мерзімге әкелінген көлік құралдарына қолданылмайды. 3. Қарулы күштердің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының көлік құралдары қорғаныс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен тіркеледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |