«Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 802 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 703 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 219-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»; осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесімен толықтырылсын; осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесімен толықтырылсын; осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өзі өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесімен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|