Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесі бекітілсін. 2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырындағы № 154 бұйрығымен бекітілген
Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесі
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес әзірленген және мұражайдың қор сақтамасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу тәртібін белгілейді (әрі қарай - Ереже). 2. Мұражайдың сақтау қоймасын ашу, жабу және бекітуді қор сақтаушы жүргізеді. 3. Сақтау қоймасын ашу қор сақтаушының қол қоюымен ашу мақсаты көрсетіліп арнаулы журналда белгіленеді. 4. Мұражай қызметкерлері сақтау қоймасына тек өндірістік қажеттілік туған жағдайда ғана кіреді. Мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларын сақтау қоймасынан мұражайдың өз ішінде суретзертханасына немесе ғылыми жұмыс үшін уақытша алу және беру осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес мұражай ішіндегі алу және беру актілерімен рәсімделеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|