Фильмді ұлттық деп тану ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 25 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1 бабы 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Фильмді ұлттық деп тану ережесі бекітілсін. 2.Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәдениет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 5 қазандағы № 109 бұйрығымен бекітілген
Фильмді ұлттық деп тану ережесі
1. Осы Фильмді ұлттық деп тану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-1-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында фильмді ұлттық деп тану тәртібін белгілейді. 2. Фильм мынадай негіздердің жиынтығына сәйкес келсе: 1) егер фильм жоғары көркемдік деңгейде жасалып, халықтың рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға қабілетті болса, мемлекеттік мүдделерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасын кино өнері арқылы әлемдік аренада танып-білуге қызмет ететін болса; 2) фильмдерді шығару, тарату және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) кезінде смета бойынша жұмыстардың жалпы көлемінің кемінде жетпіс процентін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық ұйымдар жүзеге асыратын болса; 3) Қазақстан Республикасының азаматы және (немесе) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға фильмнің продюсерлері болып табылса; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|