|
|
|
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 284 ҚПҮ қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1404 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл жасау саласындағы қызметті ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 4-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Қағида терроризм салдарын алдын алуды, жолын кесуді, оны барынша азайтуды және (немесе) жоюды ұйымдастыру тәртібін анықтайды. Терроризмді анықтау, ашу және тергеу Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің нормаларында, сондай-ақ өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ведомстволық нормативтік құқықтық актілерінде анықталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |