Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу Ережесі бекітілсін. 2. Тарихи-мәдени мұра департаменті белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 мамырдағы № 153 бұйрығымен бекітілген
Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға арналған сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы кітапханалар қорларына қолжетімділік тәртібін анықтайды. Сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары халыққа қызмет көрсету бойынша кітапханалар қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады. 2. Кітапхана қосыны - штаттық қызметкер немесе келісімшартқа отырған қоғамдық-кітапханашы жұмыс істейтін кітапхананың аумақтық оқшауланған бөлімшесі. Кітапхана қосындары кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен келісімшарт бойынша, сондай-ақ стационарлық кітапханасы жоқ елді мекендерде ұйымдастырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|