|
|
|
Жедел-iздестiру қызметi туралы (2014.07.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылатын жедел-iздестiру қызметiнiң мазмұнын айқындайды және оны жүргiзу кезiнде заңдылықты құқықтық кепiлдiктерi жүйесiн баянды етедi.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адамдарға сауал қою - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпаратты осы ақпарат бар немесе болуы мүмкін сауал қойылған адамның сөздерінен жинау; 2) анықтамалар алу - қызығушылық туғызатын ақпарат бар немесе болуы мүмкін тиісті жеке немесе заңды тұлғаға ресми сауал жіберу жолымен жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар нақты ақпарат алу; 3) арнаулы жедел-іздестіру іс-шарасы - заңмен қорғалатын адамның жеке өміріне араласпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, телеграф хабарламалары мен почта жөнелтілімдері құпиясын, сондай-ақ тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығына тікелей қатысты жедел-іздестіру іс-шарасы; 4) арнаулы техникалық құралдар - жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақпаратты табу және оны құжаттау үшін арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуі мен конструкциялық ерекшеліктері бар құрылғылар, аппаратура, тетіктер, жабдық; 5) байқау - жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар құбылыстарды, әрекеттерді, оқиғаларды, процестерді көру арқылы әрі өзгеше қабылдау және анықтау; 6) байланыс желілеріндегі жедел іздеу - байланыс желісі арқылы берілетін ақпаратта құқыққа қарсы әрекеттің белгілерін табу жөніндегі жасырын іс-әрекеттер; 7) байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алу - ақпаратты жинауға, өңдеуге, жинақтауға, сақтауға, іздеуге және таратуға арналған, электрлі байланыс желілері, компьютер желілері, деректер базалары, телекоммуникациялық және ақпараттық жүйелер арқылы берілетін ақпаратты арнаулы техникалық құралдармен жасырын алу; 8) бақыланатын өнім беру - еркін өткізуге тыйым салынған не айналымы шектелген, сондай-ақ қылмыстық қол сұғу объектілері немесе құралдары болып табылатын нәрселердің, заттардың және өнімдердің берілуіне, сатып алынуына, сатылуына, орын ауыстыруына бақылау орнату жолымен қылмыстық әрекеттің белгілері туралы ақпарат алу тәсілі; 9) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру - іздеудегі адамды даралайтын статикалық, динамикалық және геномдық белгілері бойынша, сондай-ақ сөзбен сипаттау портреті және адамды жеткілікті ықтимал дәрежеде тануға мүмкіндік беретін басқа да тәсілдер көмегімен табуға және сәйкестендіруге бағытталған ұйымдастырушылық және нысаналық-практикалық іс-әрекеттер жиынтығы; 10) енгізу - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қызметкерін не онымен бірге қызмет істеп жүрген құпия көмекшіні жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін жедел қызмет мүдделі болып отырған объектінің төңірегіне жасырын енгізу; 11) жалпы жедел-іздестіру іс-шарасы - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың осы қызметтің міндеттерін шешуге бағытталған, бірыңғай тактикалық, стратегиялық ой-ниетпен байланысқан іс-әрекеттерінің жиынтығы; 12) жедел есепке алу ісі - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы орган жүргізетін оқшауландырылған іс жүргізу; 13) жедел кіру - тұрғын және басқа да үй-жайларға, ғимараттарға, құрылыстарға, көлік құралдарына, жергілікті жердің учаскелеріне оларды тексеру мақсатында, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметінің өзге де міндеттерін шешу үшін жасырын кіру; 14) жедел сатып алу - ықтимал қылмыстық әрекет туралы ақпарат алу мақсатында, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның хабардар болуымен және оның бақылауымен тексерілетін адамнан тұтыну немесе өткізу мақсатынсыз ақылы түрде заттар сатып алынатын жалған мәміле ахуалын орнату; 15) жедел-іздестіру қызметі - адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті қорғау, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерінің қылмыстық қол сұғуынан, сондай-ақ барлау-бүлдіру әрекетінен қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жария және жасырын жедел-іздестіру, ұйымдастыру және басқару іс-шараларының ғылыми негізделген жүйесі; 16) құқыққа қарсы әрекеттердің іздерін табу, жасырын анықтау және алып қою, оларды алдын ала зерттеу - қылмыс іздері сақталған немесе қылмыс жасау құралы не қылмыстық әрекеттің нәтижесі болып табылған материалдық объектілерді анықтау және айналымнан немесе нақты адамның иелігінен алып қою және олардың өздеріне тән белгілері мен ерекшеліктерін заңда белгіленген нысандарда анықтау; 17) құпия көмекшілер - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органмен құпия негізде (оның ішінде келісім-шарт бойынша) қызмет істеуге келісімін берген, сол сияқты осы органмен бұрын өзінің келісімі бойынша ынтымақтастықта болған, он сегіз жасқа толған, іс-әрекетке қабілетті жеке тұлғалар; 18) почта-телеграф жөнелтілімдерін бақылау - іс үшін маңызы бар мәліметтерді хаттарды, жеделхаттарды, радиограммаларды, бандерольдерді, посылкаларды және басқа да почта-телеграф жөнелтілімдерін қарау және олардың мазмұнымен танысу жолымен алу; 19) сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу - бейне-, аудиотехниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, тексерілетін адамның, күдіктінің, айыпталушының сөздік ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште анықтау; 20) телефон арқылы жүргізілген сөйлесулер туралы мәліметтер алу - телефон байланысы абонентінің кіріс және шығыс қоңыраулары туралы ақпаратты жасырын алып қою; 21) телефон және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау және жазып алу - егер тексерілетін адам, күдікті, айыпталушы үшінші бір адамның телефонын немесе өзге де сөйлесу құрылғысын пайдаланады деген мәліметтер болса немесе егер үшінші бір адам телефонды және басқа да сөйлесу құрылғысын пайдаланып, тексерілетін адамға, күдіктіге, айыпталушыға арналған не басқа адамдарға беру үшін тексерілетін адамнан, күдіктіден, айыпталушыдан ақпарат алады деген мәліметтер болса, тексерілетін адамның, күдіктінің, айыпталушының не үшінші бір адамның сөздік ақпаратын жасырын бақылау және оның мазмұнын материалдық жеткізгіште анықтау; 22) үлгілерді алу - тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің ерекшеліктерін бейнелейтін, жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар материалдық ақпарат жеткізгіштерді алып қою және анықтау; 23) штаттағы жасырын қызметкер - лауазымдық міндеттеріне жедел-іздестіру іс-шараларын астыртын түрде жүргізу кіретін жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органның қызметкері; 24) іздестіру - заңда көзделген жағдайларда тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған, қылмыстық жауаптылықтан жалтарған адамдардың, хабарсыз кеткен және өзге де адамдардың орналасқан жерін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар жоғалған құжаттар мен бұйымдарды анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, іс жүргізу және жедел-іздестіру іс-шараларының жүйесі.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi Жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерi: - адам мен азаматтың өмiрiн, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншікті заңға қарсы қол сұғулардан қорғау; - қоғамның, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуетi мен қорғаныс қабiлетiн нығайтуға жәрдемдесу; - қылмыстарды анықтау, алдын алу, болдырмау және ашу; - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынған, қылмыстық жауаптылықтан жалтарған адамдарды, хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген реттерде басқа да адамдарды iздестiру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру; - шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың арнаулы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекетiн анықтау, алдын алу және болдырмау; - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа күзетiлуге тиiс адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; - мемлекеттік шекараны күзетудi қамтамасыз ету; - мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету; коммерциялық құпияны қорғауда ұйымдарға жәрдемдесу; - бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық-атқару заңдарымен белгiленген режимдi қолдау; - жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету. 3-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң қағидаттары Жедел-iздестiру қызметi заңдылық, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қадiр-қасиетiн құрметтеу, азаматтардың заң алдындағы теңдiгi қағидаттарына сәйкес, астыртын әрекет ету, жария және жария емес әдiстердi ұштастыру, кәсiби әдеп негiзiнде жүзеге асырылады. ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді 4-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзi 1. Жедел-iздестiру қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды. 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 2. Республика Бас Прокурорының келісімi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде осы Заң негiзiнде жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын реттейтiн нормативтік құқықтық актілер шығарады. 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.27.05 № 279-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді 5-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау 1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi. 2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттік немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, сот өзiнiң дәлелдi шешімімен, ал прокурор ескертуiмен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады. 4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың немесе судьяның талап етуі бойынша құпия көмекшілердің және штаттық жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мағлұматтардан басқа барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi. 5. Жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған, адамның жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер, егер оларда заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер жасағаны туралы ақпарат болмаса, сақталуға жатпайды және жойылады. Қылмыс жасаған кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстық іс қозғалмаған адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталып, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурорға хабар беріледі. Барлау және қарсы барлау қызметі процесінде, сондай-ақ халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік актілерде белгіленеді.
2 бөлiм. Жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар, олардың мiндеттерi мен құқықтары
ҚР Президентінің 25.12.95 ж. № 2725 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 16.03.01 ж. № 163-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 10.07.02 ж. № 338-II; 09.07.04 ж. № 592-II; 2010.27.05 № 279-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды; 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар 1. Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн: 1) ішкi iстер органдары; 2) ұлттық қауiпсiздiк органдары; 3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган; 4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; 5) қаржы полициясы органдары; 6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi; 7) кеден органдары жүзеге асырады. 2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi заңмен ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
ҚР 16.03.01 ж. № 163-II Заңымен; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың мiндеттерi Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар; а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға; б) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздері тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын орындауға; б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға; б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы сот актілерін орындауға; в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға; г) құқықтық көмек туралы шарттар (келісімдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға; д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөніндегі қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. ҚР 29.03.00 ж. № 42-II; 16.03.01 ж. № 163-II Заңдарымен 8-бап өзгертілді; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 8-бап. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құқықтары Жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін орындау кезінде оны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың: 1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында көрсетілген жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын жүргізуге; 2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алуларды және ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға; 3) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын үй-жайлары мен тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда оны, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар есебінен өтей отырып пайдалануға; 4) астыртын ұйымдар құру мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық бағыныстылығын, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын құпияландыратын құжаттарды пайдалануға; 5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға; 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға; 7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдардың келісімі бойынша осы органдардың күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізуге тартуға; 8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез-келген уақытында ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына, ал әскери бөлімшелердің және басқа да режимдік объектілердің аумақтарына олардың басшыларының келісімі бойынша кедергісіз кіруге; 9) Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабында белгіленген тәртіппен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің нәтижелерін көрсететін материалдарды беруге құқығы бар.
2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi 1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде құқыққа қарсы әрекеттерге жол берген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды өздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
3 бөлiм. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу
ҚР Президентінің 25.12.95 ж. № 2725 Жарлығымен; ҚР 15.07.96 ж. № 31-1; 16.03.01 ж. № 163-II; 16.07.01 ж. № 244-II; 10.07.02 ж. № 338-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 09.07.04 ж. № 592-II; 2009.17.07 № 187-IV (бұр.ред.қара); 2010.27.05 № 279-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 10-бап өзгертілді және толықтырылды 10-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу негiздерi 1. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн: а) қозғалған қылмысты iстiң болуы; б) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға келiп түскен: - әзiрленiп жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған құқық бұзушылық; - жауап алу, тергеу және сот органдарынан жасырынып немесе қылмыстық жазадан жалтарып жүрген адамдар; - азаматтардың хабарсыз кетуi және танылмаған мәйiттердiң табылуы; - шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметтерiнiң барлау-бүлдiру әрекеттерi туралы хабарламалар; в) тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық істер бойынша жазбаша тапсырмалары; в-1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, облыс прокурорларының және оларға теңестірілген прокурорлардың қаулылары, сондай-ақ прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқаулары; в-2) қылмыстық іс бойынша сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді іздестіру туралы сот актілері; г) құқықтық көмек туралы шартқа (келісімге) сәйкес халықаралық құқық қорғау ұйымдарының және шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының сауал салулары; д) қоғам, мемлекет мүддесi мен оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту мүддесiне орай барлау және қарсы барлау ақпараттарын алу қажеттiгi жөніндегі хабарламалар негiз болады. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар өз құзыретi шегiнде өзiнiң не өзге мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша азаматтардың жеке басын сипаттайтын және шешiмдер қабылдау үшiн қажеттi: - iшкi iстер, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі, ұлттық қауiпсiздiк, әскери барлау, қаржы полициясы, кеден органдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiне жұмысқа және қызметке қабылдау туралы; жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға жұмысқа немесе қызметке қабылдау туралы; - жеке және заңды тұлғалардың стратегиялық және күзетілетін объектілерді күзету және оларға қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ күзетілетін адамдардың төңірегіндегі жұмыстарды істеуіне рұқсат беру туралы. Стратегиялық және күзетілетін объектілердің, сондай-ақ күзетілетін адамдардың тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады; - мемлекеттік құпия болып табылатын мағлұматтарға немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн апат немесе экологиялық қаупi аса жоғары объектiлер мен ғимараттарды пайдалануға байланысты жұмыстарға рұқсат беру туралы; - жедел-iздестiру қызметiне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесiнде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы; - күзет қызметімен айналысуға лицензиялар берiлгенi туралы деректер жинауға құқылы. 3. Көрсетiлген негiздер түпкiлiктi болып табылады және тек заңмен ғана толықтырылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн. 19.02.02 ж. № 295-II; 09.08.02 ж. № 346-II; 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілді; 2009.17.07 № 187-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 11-бап. Жедел-іздестіру іс-шаралары 1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді. 2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады: 1) адамдарға сауал қою; 2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану; 3) енгізу; 4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту; 5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру; 6) бақыланатын өнім беру; 7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдарды қолдану; 8) анықтамалар алу; 9) үлгілерді алу; 10) жедел сатып алу; 11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану; 12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру; 13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу; 14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу; 15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау; 16) ұсталған адамдарды жеке тексеруді, олардың жанында болатын, қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды қарауды және алып қоюды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексеруді, көлік құралдарын тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |