Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері (2018.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2018.11.07. № 420 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы; 2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері құрылсын. 3. Мыналар: 1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі комитеттерінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері; 2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық заңды тұлғалар қайта аталсын. ҚР Үкіметінің 2015.27.02. № 100 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ведомстволары осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|