|
|
|
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы (2014.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Осы Заң бағалау объектілерінiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері, ол мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кездегі мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңының 16-тарауында белгіленеді. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бағалау - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау; 2) бағалау амалы - бағалаудың бір немесе бірнеше әдістерін пайдалана отырып, бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау тәсілі; 3) бағалау әдісі - бағалау объектісінің нарықтық және өзге құнын белгілеу үшін пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығы; 4) бағалау күні - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құны анықталатын күн немесе уақыт кезеңі; 5) бағалау қызметі - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектілеріне қатысты бағалаушылар жүзеге асыратын белгілі бір күнге нарықтық немесе өзге құнды белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет; 6) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер - бағалау жүргізуге, бағалау туралы есептерде пайдаланылатын амалдар мен әдістерге, олардың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгілейтін актілер; 7) бағалау стандарттары - бағалау қызметі саласындағы ережелер, принциптер мен сипаттамалар жалпыға бірдей және бірнеше рет пайдалану үшін белгіленетін нормативтік құжат; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) бағалау туралы есеп - бағалаушының осы Заңның талаптарына сай келетін бағалау жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы тапсырыс берушіге беретін жазбаша хабары; 9) бағалаушы - бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 10) бағалаушылар палатасы - бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық нысаны; 11) бұрыс бағалау - жоқ объектіге немесе бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, бағалау стандарттарының талаптарын бұза отырып, бағалау туралы есепте бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын бұрмалауға әкеп соғатын бұрыс деректерді пайдалана отырып, жүзеге асырылған бағалау; 12) қайталап бағалау - бағалау қызметі субъектілерінің арасында бағалау нәтижелері бойынша туындайтын даулардың салдарынан объектінің нарықтық немесе өзге құнын анықтау; 13) нарықтық құн - мәміле жасасушы тараптар бағалау объектісі туралы қолжетімді барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететін, бәсекелестік жағдайындағы мәміленің негізінде сол объектіні иеліктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәміленің бағасына: мәміле жасасушы тараптардың бірі бағалау объектісін иеліктен шығаруға, ал екінші тарап сатып алуға міндетті болмағанда; мәміле жасасушы тараптар мәміленің нысанасы туралы жақсы хабардар болып, өз мүдделеріне әрекет еткенде; мәміленің бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай сыйақының баламасы болып табылса және мәміле жасасушы тараптарға қатысты қандай да бір тараптан мәміле жасауға мәжбүрлеу болмағанда, қандай да бір төтенше жағдайлар әсер етпейді; 14) өзге құн - бағалау объектісінің нарықтық құнынан басқа, түрлері бағалау стандарттарымен белгіленетін өзге құны; 15) тапсырыс беруші - бағалаушы көрсететін қызметтерді тұтынушы жеке немесе заңды тұлға; 16) уәкілетті орган - бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 17) үшінші тұлғалар - бағалаушылар мен тапсырыс берушілердің қатарына кірмейтін, бағаланатын мүлікке, бағалаушының бағалау қызметіне және тапсырыс берушінің тапсырысына белгілі бір қатысы бар тұлғалар.
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3-бап. Бағалау қызметінің негізгі принциптері Бағалау қызметінің негізгі принциптері объективтілік және дұрыстық болып табылады. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Бағалау қызметінің субъектілері 1. Бағалаушылар, тапсырыс берушілер және үшінші тұлғалар бағалау қызметінің субъектілері болып табылады. 2. Бағалаушы жеке тұлғалар осы Заңға сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғамен еңбек шартының негізінде не Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негізінде дара кәсіпкер ретінде дербес бағалау қызметімен айналысуға құқылы. 3. Бағалаушы заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензияның негізінде бағалау қызметімен айналысуға құқылы.
ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-бап. Бағалау объектiлерi Бағалау объектілеріне: 1) жекелеген материалдық объектiлер (заттар), оның iшiнде қараусыз қалған, иесiз мүлiктер; 2) тұлғаның мүлкiн, оның iшiнде мүлiктiң белгiлi бір түрiн (жылжымалы немесе жылжымайтын) құрайтын заттардың жиынтығы; 3) меншiк құқығы және мүлiкке немесе мүлiктiң құрамындағы жекелеген заттарға өзге де заттық құқықтар; 4) мiндеттеменi (борышты) талап ету құқығы; 5) жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер, ақпарат; 6) интеллектуалдық меншік құқығының объектілері; 7) азаматтық құқықтардың өзге де объектілері жатады. ҚР 24.12.01 ж. № 276-II; 14.02.03 ж. № 388-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді; 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Бағалау түрлерi 1. Мiндеттi және бастамашылық бағалау - бағалау түрлерi болып табылады. 2. Мiндеттi бағалау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес: 1) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын объектілеріне салық салу үшiн, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшiн; 2) жекешелендiру, сенiмгерлiк басқаруға не жалға (кейiннен сатып алатын жалға) беру үшiн; 3) ипотекалық қарыз беру кезінде, сондай-ақ кепілге қойылған мүлікті өткізу қажет болған кезде ипотекалық кредит беру үшiн; 4) меншiк иесiнен мүлiктi мемлекеттік қажеттерге сатып алу және алып қою үшiн; 5) борышкер немесе өндiрiп алушы сот орындаушысы жүргiзген бағалауға қарсылық бiлдiрген жағдайда борышкер мүлкiнiң құнын анықтау үшін; 6) мемлекеттік меншiкке түскен мүлiк құнын анықтау үшiн; 7) өзге де жағдайларда жүргiзiледi. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-1. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-2. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Бастамашылық бағалау кез келген бағалау объектiсiне бағалаушының осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес бағалау жүргiзу жөніндегі тапсырыс берушiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде жүргiзiледi. Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзу құқығы мiндеттi құқық болып табылады және бухгалтерлiк есеп жүргiзу мен есептiлiктi жүзеге асырудың заңдармен белгiленген тәртібіне тәуелдi емес. Осы құқық бағалау объектiсiне қайтадан бағалау жүргiзуге де қолданылады. Бағалау объектiсiне бағалау жүргiзудiң нәтижелерi бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктiң деректерiн түзету үшiн пайдаланылуы мүмкiн. Ескерту. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмаған мүлкiн салық салу үшiн бағалау жөнiнде қызмет көрсетуге тапсырыс берушi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары болып табылады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы мемлекеттік монополия 1. Салық салу объектілерінің (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, шығыңқы ірге қабатының, тұрғынжай жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2-тарау. Бағалау қызметін жүзеге асырудың негіздемелері мен шарттары
14.02.03 ж. № 388-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгерді 7-бап. Бағалау жүргiзудiң негiздемелерi 1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес бағалаушы мен тапсырыс берушiнiң арасында жасалған бағалау жүргiзу шарты бағалауды жүргiзуге негiздеме болып табылады. Бағалау жүргiзу шарты бойынша бағалаушы бағалау объектілерінiң нарықтық немесе өзге құнын белгiлеу үшiн қызмет көрсетуге мiндеттенедi, ал тапсырыс берушi осы қызметтерге ақы төлеуге мiндеттенедi. 2. Заң актілерінде көзделген жағдайларда объектiнi бағалау, оның iшiнде қайта бағалау соттың немесе уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде жүргiзiлуi тиіс. 3. Сот және уәкiлеттi орган бағалаушыны таңдауда дербес болады. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап. Бағалау жүргiзу шартына қойылатын мiндеттi талаптар 1. Бағалау жүргiзу шартына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң өтемдi қызметтер көрсету шарты туралы нормалары қолданылады. 2. Бағалау жүргізу шартында мыналар қамтылуға тиіс: 1) тапсырыс беруші мен бағалаушының деректемелері: жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұратын жері; заңды тұлға үшін - атауы, орналасқан жері (почталық мекен-жайы), банктік деректемелері; 2) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері, айқындалатын құнның түрі; 3) бағалау түрі; 4) бағалау объектісінің түрі; 5) бағалау жүргізудің мерзімдері; 5-1) бағалау жүргізу кезінде қолданылатын бағалау стандарттарына нұсқау; 6) көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеудің шарттары, тәртібі және мөлшері; 7) тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі; 8) тапсырыс берушінің бағалау объектісіне меншік құқығын растайтын құжаттың деректемелері не тапсырыс берушіге бағалау туралы шарт жасау құқығын беретін өзге де негіздемелер; 9) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның деректемелері (лицензия берген орган көрсетілген оның нөмірі мен берілген күні). Бағалау жүргізу шартында осы тармақта көзделмеген өзге де талаптар болуы мүмкін. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен (күшіне ену мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді 9-бап. Бағалау туралы есептiң мазмұнына қойылатын талаптар 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша бағалау туралы есеп екi данада жасалады, оның біреуi тапсырыс берушiде, екiншiсi бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 2. Жеке кәсiпкер болып табылатын бағалаушы жасаған есепке ол қол қояды және оның жеке мөрiмен расталады. Бағалау қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның есебiне бағалаушы-жеке тұлға қол қояды, заңды тұлғаның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам бекітіп, мөрмен расталады. 3. Егер бағалауды бағаланатын бағалау объектiсiнiң құрамына кiретiн әртүрлi бағалау объектiлерi бойынша бірнеше бағалаушы жүргiзген жағдайда, есепке әрбір бағалаушы өзi бағалау жүргiзген бағалау объектілерін көрсетiп қол қояды. 4. Бағалау туралы есепте мыналар көрсетілуге тиіс: 1) бағалаушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда); 2) мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның нөмірі мен берілген күні; 3) айқындалатын құнның түрі; 4) есеп жасаудың күні және бағалау жүргізудің күні; 5) бағалау объектісінің (объектілерінің) атауы және (немесе) орналасқан жері мен сипаттамасы; 6) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау амалдары мен бағалау әдістері; 7) бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын бағалау стандарттары; 8) нақты деректерді алу көздері көрсетіле отырып, бағалау жүргізу кезінде пайдаланылатын нақты деректер; 9) есеп негіздемесі; 10) бағалау нәтижесі; 11) жүргізілген бағалаудың нәтижесін толық және айқын түсіндіру үшін қажет өзге де мәліметтер. ҚР 08.05.03 ж. № 414-II Заңымен; 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Бағалаушының тәуелсiздiгi 1. Бағалаушы, егер: бағалаушының бағалау объектiсiне қатысты шарттан тыс заттық немесе мiндеттемелiк құқығы болса не оны сатып алса; бағалаушы заңды тұлғаның - тапсырыс берушiнiң акционерi, құрылтайшысы, қызметкерi, меншiк иесi, қатысушысы, кредит берушiсi, дебиторы, сақтандырушысы, демеушiсi болып табылса не бағалаушы - жеке тұлға тапсырыс берушi - жеке тұлғаның жақын туысы немесе жекжаты болып табылса; бағалаушы-заңды тұлға басшысы не ол уәкілеттік берген адам тапсырыс беруші-жеке тұлғамен және (немесе) заңды тұлғаның басшысымен не ол уәкілеттік берген адаммен жақын туыстық немесе жекжаттық қарым-қатынаста болса, бағалауды жүргізе алмайды. 2. Егер бұл бағалау жүргiзу нәтижесiнiң дұрыстығына, оның iшiнде бағалау жүргiзу кезiнде анықталуға тиiс мәселелер шеңберiн шектеуге терiс әсерiн тигiзуi мүмкiн болса, бағалаушының қызметiне тапсырыс берушiнiң не өзге мүдделi тұлғалардың араласуына жол берiлмейдi. 3. Бағалау жүргiзгенi үшiн бағалаушыға төленетiн ақының мөлшерi бағалау объектiсiнiң анықталатын құнына проценттiк қатынаспен көрсетiлмейдi және ол тараптардың келісімi бойынша жұмыстарды орындағанға дейiн белгiленедi. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 10-1-баппен толықтырылды 10-1-бап. Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Бағалаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бағалаушы көрсететін қызметтердің тұтынушылар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шарттарының бірі болып табылады. Бағалаушының бағалау жүргізу нәтижесінде келтірілген зиянының салдарынан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады
2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 10-2-баппен толықтырылды 10-2-бап. Бағалау стандарттары 1. Қазақстан Республикасында бағалау стандарттары деп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және уәкілетті орган бекіткен бағалау стандарттары танылады. Бағалаушылардың бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалау қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін халықаралық стандарттарды пайдалануға құқығы бар. 2. Бағалау стандарттары бағалау қызметінің барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндетті болып табылады және олардың күші Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. 3. Бағалау стандарттары қабылдануы Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға жатпайды.
3-тарау. Бағалаушының құқықтары мен міндеттері ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді 11-бап. Бағалаушының құқықтары 1. Бағалаушының: 1) дереккөздерін көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес бағалау әдістері мен бағалау амалдарын дербес қолдануға; 2) бағалау жүргiзу кезiнде тапсырыс берушiден объектіге, сондай-ақ бағалауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттамаларға толық көлемiнде қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз етудi талап етуге; 3) тапсырыс берушiден бағалауды жүзеге асыруға қажеттi түсiнiктемелер мен қосымша мәліметтердi алуға; 4) қажет болған жағдайда бағалау жүргiзуге шарттық негiзде өзге де бағалаушыларды не басқа да мамандарды қатыстыруға; 5) егер тапсырыс берушi шарт талаптарын бұзған, бағалау объектiсi туралы қажеттi ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етпеген жағдайларда бағалау жүргiзуден бас тартуға; 6) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бағалау жүргізу үшін қажетті ақпаратты үшінші тұлғалардан жазбаша немесе ауызша нысанда сұратуға құқығы бар. Егер аталған ақпаратты беруден бас тарту бағалау нәтижелерiнiң дұрыстығына елеулi түрде ықпал ететiн болса, бағалаушы оны есепте көрсетедi. 2. 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 11-1-баппен толықтырылды 11-1-бап. 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен 11-2-баппен толықтырылды 11-2-бап. 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді 12-бап. Бағалаушының мiндеттерi Бағалаушы: 1) бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде осы Заңның, бағалау стандарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын сақтауға; 1-1) өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасы бекіткен іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерін сақтауға; 1-2) бағалаушылар палаталарының біреуінің ғана мүшесі болуға; 2) объективтi бағалау жүргiзуге кедергi болатын жағдайлардың туындауы салдарынан бағалауды жүргiзуге өзiнiң қатысу мүмкiндiгi болмайтыны жайында тапсырыс берушiге хабарлауға; 3) бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушi мен үшiншi бір тұлғалардан алынатын құжаттардың сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етуге; 4) уәкiлеттi орган өкiлiнiң және тапсырыс берушiнiң талап етуi бойынша мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берiлген лицензияны көрсетуге; 5) заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау жүргiзу барысында тапсырыс берушiден және үшiншi бір тұлғалардан алынған құпия ақпаратты жария етпеуге; 6) объектілерді тікелей зерттеуді жүзеге асыруға және тапсырыс берушіге бағалау туралы есеп табыс етуге; 7) бағалау жүргiзу шарттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, хронологиялық тәртiппен бағалау жүргiзу есептерiнiң кiтабын жүргiзуге; 8) бағалау туралы жасалған есептердi 5 жыл бойы сақтауға; 9) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда сақтаулы тұрған бағалау туралы есептердiң көшiрмесiн немесе ақпаратты мемлекеттік органдардың заңды түрде талап етуi бойынша оларға беруге мiндеттi. ҚР 14.02.03 ж. № 388-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. Бағалаушының жауапкершiлiгi Бағалаушы: 1) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ бағалау стандарттарының, іскерлік және кәсіптік әдеп ережелерінің талаптарын бұзғаны; 2) мемлекеттік құпиялар, коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi; 3) бұрыс бағалағаны; 4) бағалау өткізу үшiн өзiне берiлетiн құжаттар мен басқа да ақпараттың сақталуы мен тұтастығы; 5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда мемлекеттік органдарға бағалау туралы есептердiң көшiрмелерiн немесе ақпаратты бермегенi үшiн жауапкершiлiкте болады.
2009.09.11 № 197-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 3-1 тарау. Бағалаушылар палаталары
13-1-бап. Бағалаушылар палатасы 1. Бағалаушылар палатасы өзінің құрамына бағалаушыларды біріктіретін коммерциялық емес кәсіптік өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. 2. Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі. Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында бір ғана бағалаушылар палатасы құрылуы және жұмыс істеуі мүмкін. 3. Бағалаушы палатаның құрылтай шартын және жарғысын таныған және бағалаушылар палатасына мүшелікке кіру шарттарын орындаған кезде оны бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға болмайды. Бағалаушылар палатасына мүшелікке қабылдаудан бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін. 4. Бағалаушылар палаталары қауымдастық (одақ) нысанында Республикалық бағалаушылар палатасына бірігуге және халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіруге құқылы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |