Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы (2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы шеңберінде сауда саясатын жетілдіру, ықпалдасу үдерістерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Ведомствоаралық комиссияның құрамы; 2) Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.19.03. № 207 (бұр. ред. қара); 2007.29.10. № 1006 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1260 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 434 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.22.06. № 959 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.04.04. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.01.07. № 660 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1494 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сыртқы сауда қызметін дамыту департаментінің директоры, хатшы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты (келісім бойынша)
Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Комиссия қызметінің мақсаттары
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Комиссия қызметінің мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы сауда саясатын дамыту және жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелуді (әкетуді) реттеудің кеден-тарифтік және тарифтік емес шараларын қолдану жөніндегі, тарифтік квоталарды енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты және ішкі нарықты қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу; Қазақстанның әлемдік сауда жүйесіне тиімді ықпалдасуы жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Комиссияның негізгі міндеттері: кедендік баж ставкаларын өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлеу; сауда қызметін дамыту және тауарларды өндіру мен сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстанның ДСҰ-ға, сондай-ақ оның екі жақты және көп жақты сауда келіссөздері барысында жасалатын жекелеген келісімдеріне қосылу шарттары мен кезеңдерін қоса алғанда, экономикалық саясаттың нақты мәселелері бойынша ДСҰ-ға кіру үдерісінде Қазақстанның келіссөз ұстанымы жөнінде ұсыныстар әзірлеу; өспелі, демпингтік немесе субсидияланатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына байланысты отандық өндірушілерге елеулі немесе материалдық зиян келтіру фактісі немесе осындай зиян келтіру қаупі бар немесе жоқ екені туралы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дайындалған тиісті қорытындысы негізінде уақытша шараларды қoca алғанда, қорғау, демпингке қарсы, өтем шараларын қолданудың орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу; тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталарды қолдану туралы ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдар алдындағы міндеттемелерін орындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; халықаралық экономикалық ұйымдардың қағидаттары мен ережелеріне оның сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде сауда қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының кеден аумағына(н) тауарларды әкелудің (әкетудің), оның ішінде сандық тыйымдарын немесе шектеулерін қолдану туралы ұсыныстар әзірлеу; Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау; Кеден одағы преференцияларының схемасын өзгерту және нақтылау жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау, сауда әріптестерімен, оның ішінде өңірлік бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының өзара сауда саясаты мәселелері жөніндегі ұстанымын әзірлеу болып табылады.
6. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шеңберінде: белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру, тауарлардың импорты кезінде тарифтік квоталарды, ішкі нарықты қорғау жөніндегі шараларды, кеден-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізеді; заңнамада белгіленген тәртіппен министрліктерден, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты сұратады және алады; Комиссияның қарауына енгізілетін мәселелерді шешу жөніндегі проблемаларды талдауға және ұсыныстар әзірлеуге ғылыми ұйымдарды, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшыларды тартады.
5. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияны төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Комиссия әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негізінде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады. ҚР Үкіметінің 2013.01.07. № 660 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Егер Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелерiнiң немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалпы санының кемiнде үштен eкici қатысса, ол заңды болып саналады. Комиссияның мүшелері уақытша болмаған жағдайларды (іссапар, демалыс, сырқаттану) қоспағанда, олар отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. Мұндай жағдайларда, тиісті мемлекеттік орган айқындаған лауазымды тұлға қатысады. Комиссия мүшесі өзінің лауазымдық міндеттерін тоқтатқан жағдайда, Комиссия отырысына осы қаулыға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін оның орнына тағайындалған тұлға қатысады. ҚР Үкіметінің 2009.22.06. № 959 Қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.01.07. № 660 Қаулысымен 11-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-1. Өкілдері Комиссия құрамына қосылмаған мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер қаралған жағдайда, Комиссия отырысына қатысу үшін осы мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары шақырылады. 12. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады. Төрағаның шешімі бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. ҚР Үкіметінің 2013.01.07. № 660 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді. Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады. 15. Комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды.
Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегi № 903 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Кеден-тариф саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 38, 489-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 462 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 123-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы № 1115 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 34, 367-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы № 506 қаулысы. 5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашадағы № 1120 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы. 6. «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 733 қаулысы. 7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 қарашадағы № 1388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 585 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 23, 299-құжат).
|