|
|
|
Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1069 Қаулысымен күші жойылды
«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1153 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Инвестициялық омбудсмен - Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам. 3. Инвестициялық омбудсмен өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Инвестициялық омбудсменнің негізгі функциялары
4. Инвестициялық омбудсменнің негізгі функциялары: 1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарау және оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды шешу үшін ұсынымдар шығару; 2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдемдесу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |