Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы (2015.18.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қызметкерлерді тағайындау, босату мен шығару тәртібін нақтылау, кадрларды іріктеу және орналастыру үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі номенклатурасының лауазымдар тізбесі бекітілсін. 2. ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысын, Әкімшілік полиция, Қылмыстық-атқару жүйесі, Төтенше жағдайлар комитеттерінің төрағалары, Жетінші департамент, «Р» департаменті, ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі және төтенше жағдайлар департаменттерінің, ІІМ оқу орындарының, ІІМ «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, облыстардың, Астана, Алматы және Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары: 1) осы бұйрыққа сәйкес тиісті лауазымдар номенклатурасының тізбелерін бекітсін; 2) басшы лауазымдарға тағайындау үшін ұсынылатын адамдарға материалдарды дайындау, келісу және Кадр жұмысы департаментіне ұсыну, лауазымнан босату немесе қызметтен шығару тәртібін сақтауды, ал қажет болған жағдайда - үміткерлердің әңгімелесу және кәсіби жарамдылығын айқындау үшін ІІМ-ге шығуын қамтамасыз етсін; 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін. 4. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы ІІМ-нің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 690 бұйрығы; «ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің кейбір мәселелері туралы» ІІМ-нің 2014 жылғы 16 маусымдағы №348 бұйрығының 1-тармағы 1) тармақшасы жойылсын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|