Қазақстан Республикасының
Осы редакция 2014 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат): 1) 14-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында: «құбырлар» деген сөз «құбыржолдар» деген сөзбен ауыстырылып, «жобалары,», «жобалары» деген сөздерден кейін тиісінше «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру», ««Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру» деген сөздермен толықтырылсын; «, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру» деген сөздер алып тасталсын; 2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «инвестициялық стратегиялық жобаларды» деген сөздер «инвестициялық басым жобаларды» деген сөздермен ауыстырылсын. 1-баптың 2-тармағы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі 2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) мазмұнында: 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «5-бөлім. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға және инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»; мынадай мазмұндағы 17-1-тараудың, 152-1 және 152-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «17-1-тарау. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу 152-1-бап. Жалпы ережелер 152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу»; 2) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Осы Кодекстің 17-1-тарауын қолданған кезде инвестициялық басым жобаны іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде және осы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі өткен немесе қолданылуы өзгеше тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомаларын қайта қарауға салық төлеуші міндетті, ал салық қызметінің органы құқылы. Осы тармақтың ережелері қосылған құн салығы және акциз бойынша салық міндеттемесін орындауға қолданылмайды.»; 3) 123-баптың 2-тармағы 5) тармақшадағы «болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.» деген сөздер «болып табылмаса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша инвестициялық басым жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер болып табылмаса, преференция объектілеріне жатқызылады.»; 4) 137-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: «10. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым шеккен залалдар осындай инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдеріне ауыстырылмайды.»; 5) мынадай мазмұндағы 17-1-тараумен толықтырылсын: «17-1-тарау. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу 152-1-бап. Жалпы ережелер 1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға: 1) жаңадан құрылған заңды тұлға инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша преференциялар беруді көздейтін инвестициялық келісімшартты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасаса және инвестициялық басым жобаны іске асырса; 2) жүзеге асырылатын қызмет түрлері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне толық көлемде сәйкес келсе; 3) инвестициялық басым жобаны іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады. 2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған салықтар (қосылған құн салығы мен акциздерден басқа), алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін қолданады. 3. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады. 152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу 1. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым: 1) осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады; 2) топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген амортизацияның шекті нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды. Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады. Осы тармақтың қолданылу мерзімі: 1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады; 2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады. 2. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады. Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады. Осы тармақтың қолданылу мерзімі: 1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады; 2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды. 3. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді. Осы тармақтың ережелері: 1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады; 2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады. Осы тармақтың қолданылу мерзімі: 1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1 күнінен басталады; 2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірмей аяқталады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.»; 6) 387-баптың 3-1-тармағы алып тасталсын; 7) 398-баптың 6-тармағы алып тасталсын; 8) 583-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған және инвестициялық басым жобаларды іске асыруды көздейтін инвестициялық келісімшарттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы инвестициялық келісімшарттардың қолданылуы тоқтатылғаны туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысандар бойынша уәкілетті органға ұсынуға міндетті.». 3. «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 20 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 3-баптың 10), 22) және 30) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «10) орташа мерзімді кезең - бір жылдан асатын төрт жылды қоса алғанға дейінгі уақыт аралығы;»; «22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі - ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;»; «30) ұзақ мерзімді кезең - бес жыл және одан көп уақыт аралығы;»; 2) 7-бапта: бірінші бөліктің 2-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2-3) уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсынуға;»; мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-3) тармақшасында көзделген мiндет қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектiлерiне, жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектілеріне және өңірлік электр желісі компанияларына қолданылмайды.»; 3) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тариф электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен салыстырмалы талдау әдісі қолданылатын тарифті есептеу әдістемесіне сәйкес әрбір өңірлік электр желісі компаниясы үшін жылдарға бөле отырып бес және одан көп жылға бекітіледі және оның қызметінің тиімділігі ескеріліп, жыл сайын түзетіледі.». 4. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат): 1) 1-баптың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «24) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;»; 2) 11-баптың 1-тармағында: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «1. Iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квота белгiлейдi.»; екінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларында жұмыс істейтін, сондай-ақ аталған заңды тұлғалар (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде инвестициялық қызмет объектісі пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейінгі мерзімге тартатын ұйымдарда басшылар және жоғары білімі бар мамандар ретінде, сондай-ақ инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттарда айқындалатын кәсiптер тізбесіне және санға сәйкес білікті жұмысшылар ретінде жұмыс істейтін;». 5. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 6, 46-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат): 1) 1-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) жұмыс бағдарламасы - инвестициялық келiсiмшартқа өндіріс пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн, сондай-ақ өндіріс пайдалануға берілгеннен кейін жобаның негізгі өндірістік көрсеткіштерін айқындайтын қосымша;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) инвестициялық басым жоба - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба;»; 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «7) инвестициялық келiсiмшарт - инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт;»; мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) инвестициялық омбудсмен - Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі функциялар жүктелетін лауазымды адам;»; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) инвестициялық преференциялар - Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар;»; мынадай мазмұндағы 10-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын: «10-1) инвестициялық субсидия - инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарылмайтын негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидия түрі;»; «11-1) инвестор үшін «бір терезе» қағидаты - инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерімен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуда уәкілетті орган тарапынан жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны;»; 13) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «13) мемлекеттiк заттай гранттар - Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiлетін не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсынылатын мүлік;»; «16) технологиялық жабдық - инвестициялық жобаның технологиялық процесiнде пайдалануға арналған тауарлар.»; 2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Инвестордың жасалған инвестициялық келісімшарт бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуына байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту заңнамасында реттеледі.»; 3) 12-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын: «2-1. Уәкілетті орган инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторлармен инвестор үшін «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасайды. 2-2. Уәкілетті орган мүдделі заңды тұлғалар тарапынан кепілдендірілген тапсырысты қамтамасыз етуде уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвесторларға жәрдемдеседі.»; 4) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын: «12-1-бап. Инвестициялық омбудсмен 1. Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық омбудсмен: 1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша инвесторлардың өтініштерін қарайды және оларды шешу үшін, оның ішінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ұсынымдар шығарады; 2) туындайтын мәселелерді соттан тыс және сотқа дейінгі тәртіппен шешуде инвесторларға жәрдем көрсетеді; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді. 2. Инвестициялық омбудсмен қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»; 5) 13, 14 және 15-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері 1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі: 1) кедендік баждарды салудан босату; 2) мемлекеттік заттай гранттар. 2. Инвестициялық басым жоба бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері (бұдан әрі - инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар) беріледі: 1) салықтар бойынша преференциялар; 2) инвестициялық субсидия. 14-бап. Инвестициялық преференцияларды алу тәртібі 1. Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органға инвестициялық преференциялар беруге өтінім және өтінім берушінің осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттарды уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жібереді. 2. Инвестициялық преференциялар уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келісімшарт негізінде беріледі. Уәкілетті органның инвестициялық басым жобаны іске асыратын инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық преференциялар беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 15-бап. Инвестициялық преференциялар беру шарттары 1. Инвестициялық преференциялар: 1) инвестициялық жоба бойынша - Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына; 2) инвестициялық басым жобаға - Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына беріледі. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға: 1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу инвестициялық преференциялар беруге өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік он екі айдан аспай жүзеге асырылса; 2) заңды тұлға инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлерін жүзеге асырса; 3) инвестициялық басым жобаны іске асыру бір инвестициялық келісімшарт шеңберінде ғана жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы болып табылады. 2. Инвестициялық преференциялар заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізілген қызмет түрлері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру кезінде беріледі. Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады. Инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қызметтің басым түрлері тізбесінің құрамында басым жобалардың тізбесі бекітіледі, ол Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қалыптастырылады. Инвестициялық басым жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесіне мынадай қызмет түрлері енгізілуге жатпайды: 1) ойын бизнесі саласындағы қызмет; 2) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет; 3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды шығаруды, жинауды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетін тауарлар шығару жөніндегі қызмет. |