Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы Жарлық Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдануға қатысты нормаларды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы ақпанның 6-ы.
№ 998
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 998 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы НҰСҚАУЛЬІҚ
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|