Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы (2019.01.08. берілген өзгерістермен) Осы редакция 2020 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Бас Прокурорының м.а. 2019.01.08. № 80 бұйрығымен преамбула жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес», БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет және жұмыста қолдану үшін, Комитеттің аумақтық басқармаларына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|