Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы мәліметтерді жариялау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Бас прокурорының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 10 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12-2)-тармақшасын және 12-бабы 3 және 4-тармағының 16-1)-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу және олар туралы мәліметтерді жариялау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімдік баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасы С.М.Айтпаеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бас Прокурорының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 169 бұйрығымен бекітілген
Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|