|
|
|
Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 496-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Деректерді үздіксіз беру функциясы бар спутниктік навигация жүйесінің техникалық құралын немесе шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану және оның бар екенін растау қағидалары бекітілсін. 2. «Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны қолдану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 228 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10892 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |