|
|
|
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сейсмология институты» және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері заңнамада белгіленген тәртіппен жарғылық капиталында мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Сейсмикалық қауіпті бағалау, күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілерде сейсмикалық тәуекелді бағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпті аумақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу серіктестік қызметінің негізгі түрлері болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) серіктестіктің жарғылық капиталын қайта ұйымдастырылатын «Сейсмология институты» және «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мүлкінің құны есебінен қалыптастыруды; 2) серіктестіктің жарғысын бекітуді және оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді; 3) серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне беруді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |