|
|
|
Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 40-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық; 2) Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереже; 3) Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 40-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту кезінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру саласындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайды. 2. Осы Нұсқаулық барлық мемлекеттік органдарға қолданылады. 3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) мемлекеттік орган туралы ереже (бұдан әрі - ереже) - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт; 2) мемлекеттік органның өкілеттіктері - мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері.
2-тарау. Ережені әзірлеу және бекіту
4. Ережені әзірлеу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін: 1) мемлекеттік органның құрылуы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |