|
|
|
«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы (2024.16.09. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1) тармақшасына, 16-бабының 4-тармағына және 19-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1) Мыналар: 1) «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 2) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес; 3) соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес; 4) соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім нысаны 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2023 жылдың 3 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |