|
Уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 225), 226), 227) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін. 3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне (А.А. Құрманова) жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 167-НҚ бұйрығына 1-қосымша
Уәкілетті орган жанындағы медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|