Шымкент қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Осы редакция 2022 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі бекітілсін. 2. Шымкент қаласы мәслихатының 2017 жылғы 31 наурыздағы «Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» туралы № 15/132-6с шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4070 тiркелген, «Шымкент келбеті» газетінде 2017 жыл 28 сәуірде жарияланды). 3. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді; 3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/505-6с шешіміне қосымша
Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|