Қазақстан Республикасының (2018.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 7 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы 3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері 4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері 5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер 2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті 8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар 10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті 11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 12-бап. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті 13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті 15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар 3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ 17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары 18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер 19-бап. Профилактикалық әңгімелесу 22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу 23-бап. Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қауіпсіздік шаралары 24-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау 25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жәбірленуші - өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар - осы Заңға сәйкес жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) отбасы-тұрмыстық қатынастар - ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар; 3) тұрмыстық зорлық-зомбылық - отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабы және (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі); 4) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені; 5) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері - тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.
2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы: 2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері сақталуының кепілдіктері; 3) адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуіне жол бермеу; 4) отбасын қолдау және сақтау; 6) өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргізу; 7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы; 8) кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделеді.
4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері 1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. 2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру. 3. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту. 4. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер. 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер 1. Заңда белгіленген тәртіппен өмірлік қиын жағдайда жүрген адам деп танылған жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. 2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды. 3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады. 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртібі, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында айқындалады.
2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді; 4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті 1. Жергілікті өкілді органдар: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) жергілікті бюджеттердің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған шығыс бөлігін бекітеді және оның орындалуын бақылайды; 3) азаматтардың және ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі. 2. Жергілікті атқарушы органдар: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) жергілікті деңгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді; 3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды жүргізеді; 5) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;
8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар: 1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды; 2) жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді; 3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және жәбірленушілерді оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
9-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құзыреті Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар: 1) кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды; 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді; 4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады; 3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 4) балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасайтын ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды; 5) профилактикалық есепке алуды жүргізеді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады; 6) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе олардың жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды сол жерге барып қарайды және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қолданады; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) жәбірленушілердің өтініші бойынша оларды көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді; 8) профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді; 9) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізеді; 10) қорғау нұсқамасын шығарады; 11) прокурор алдында қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтініш жасайды; 12) әкімшілік ұстауды жүргізеді; 13) сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды; 14) қылмыстық ізге түсуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асырады; 15) қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолданады; 16) жәбірленуші қауіпсіздігінің қылмыстық-құқықтық шараларын қолданады; 17) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 18) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган: 1) 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне мұқтаждарының мониторингін жүргізуді және оларға талдау жасауды қамтамасыз етеді; 3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; 4) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті орган: 1) жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді; 2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады; 3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын қолдану жөніндегі шараларды әзірлейді.
13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті Денсаулық сақтау ұйымдары: 1) жәбірленушілер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу-профилактикалық көмегін көрсетеді және оларға медициналық оңалтуды жүргізеді; 2) жәбірленушілердің жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлайды; 3) алкоголизмнің, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асырады.
14-бап. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар 1. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар: 1) жәбірленушілерді қабылдауды жүзеге асырады; 2) жәбірленушілерге қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегін көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету және одан әрі оңалту үшін оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді; 3) мүмкіндіктерге қарай жәбірленушілерге уақытша тұратын жер ұсынады; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олардың мүдделері үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету туралы өтінішпен жүгінеді; 4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді; 5) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы немесе олардың жасалу қаупі туралы ішкі істер органдарына хабарлайды; 6) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүзеге асырады; 7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген көмек жәбірленушілерге тұратын жеріне қарамастан көрсетіледі. 2. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады. 3. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ
16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары 1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. 2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары: 1) профилактикалық әңгімелесу; 2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу; 5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары; 6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу; 8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу; 9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары; 10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады. 3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады. 4. Мүдделі адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер 1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін мынадай мән-жайлардың бірі: 1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе хабарламаларының келіп түсуі; 2) ішкі істер органы қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету фактісін тікелей анықтауы; 3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар негіз болып табылады. 2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
19-бап. Профилактикалық әңгімелесу 1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсұнушылық мінез-құлықтың қажеттігіне сендіру болып табылады. 2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектісі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер бар адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді. 3. Профилактикалық әңгімелесу тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерде өткізіледі және ол бір сағаттан аспауға тиіс. 4. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілетін адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы ескертіледі. 5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстап алуды не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүргізу үшін негіздер болмаған кезде аумақтық полиция органының, ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады. Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен берілуге тиіс. Қорғау нұсқамасының көшірмесі өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға табыс етілген кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі. 2. Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған есі дұрыс адамға қатысты шығарылады. 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. 4. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупі, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетіледі. 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жегі күнде кемінде бір ретті құрайды. 6. 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 8. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғау нұсқамасын шығару жеткіліксіз деп ұйғаруға негіздер болған жағдайда ішкі істер органдарының лауазымды адамы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыруды көздейтін әкімшілік ұстауды жүргізеді. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер 2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар9-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құзыреті10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті12-бап. Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті14-бап. Алып тасталды15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар 3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер19-бап. Профилактикалық әңгімелесу20-бап. Қорғау нұсқамасы21-бап. Әкімшілік ұстау22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу23-бап. Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қауіпсіздік шаралары 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |