Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 384 бұйрығымен күші жойылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы № 562-ІV Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов 2015 жылғы «__»____________
Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 329 бұйрығымен бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидалар азаматтарды әскери қызметке даярлау тәртібін: 1) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша әскери даярлау; 2) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша даярлау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|