Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы (2017.26.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 5 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70 Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидалары, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысымен бекітілген
ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидалары, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптар
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін (бұдан әрі - өткізу пункті) ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру тәртібін, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|