|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді 1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Ұлттық мерекелер Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке – 25 қазанда атап өтілетін Республика күні болып табылады.»; 2) 3-бапта: оныншы абзац алып тасталсын; мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.». 2. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 7-бап мынадай мазмұндағы 9-4) және 9-5) тармақшалармен толықтырылсын: «9-4) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді; 9-5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;»; 2) 25-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Музей заттары мен музей коллекцияларын сақтау, қорғау, сақтап қалу, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін құрылған, мәдени, білім беру, ғылыми-зерттеу функцияларын жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын кеңінен танытуды қамтамасыз етуге арналған мәдениет ұйымдары музейлер болып табылады.»; 7-тармақ «құндылықтардың» деген сөзден кейін «қорғалуын,» деген сөзбен толықтырылсын. 3. «Кинематография туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) дебюттік фильм – қоюшы режиссердің алғашқы фильмі;»; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) кинематографиялық қызмет субъектісі – қызметінің негізгі түрлері: фильм және (немесе) киножылнама шығару, фильмді прокаттау, фильмді көрсету, фильмді қалпына келтіру, кинозалға техникалық қызмет көрсету, киноматериалдарды дайындау, фильмді шығару жөніндегі жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету, кинематография саласындағы білім беру, ғылыми, зерттеу, баспа, жарнамалық-насихаттау қызметі, фильмді сақтау болатын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлға; кинематографиялық ұйым;»; мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) киносериал – көп сериялы кинотуынды; 8-2) киноспектакль – кинематография және (немесе) телевизия құралдарымен жүзеге асырылған театрлық спектакльдің экрандалуы; 8-3) кинофестиваль – арнайы іріктелген фильмдерді көрсететін іс-шара;»; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) Мемлекеттік фильмдер қоры – ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасында шығарылған фильмдердің, бірлесіп шығарылған фильмдердің және киножылнаманың, оның ішінде ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдер мен киножылнаманың бастапқы материалдарының киноколлекциясы;»; мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын: «12-1) продюсер – фильмді қаржыландыруды, шығаруды және прокаттауды ұйымдастыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;»; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «16) фильм – шығармашылық ниеттің негізінде жасалған, жеткізгіште жазылған және біртұтас тақырыпқа біріктірілген бейнеден және дыбыстық сүйемелдеуден тұратын дыбыстау-бейнелеу туындысы, оның ішінде киносериал, киноспектакль;»; мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын: «25-1) ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары – ұлттық фильмдерді шығару кезінде қалыптастырылатын және пайдаланылатын материалдық безендіру заттарының жиынтығы;»; 2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.»; 3) 5-бапта: мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 14) тармақшадағы «кинематографиялық ұйымдардың» және «фестивальдарға» деген сөздер тиісінше «кинематографиялық қызмет субъектілерінің» және «кинофестивальдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 8-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының аумағында «21 жастан бастап» жас санаты бар фильмді кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда жергілікті уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейін прокаттауға жол беріледі.»; 5) 9-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ұлттық фильмдерді прокаттау қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс және басқа тілдерде жүзеге асырылуы мүмкін.»; 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Прокатталуы шектеулі фильмдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокатталуы және көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылмайтын фильмдер қазақ тілінде дубляж жасалуға не субтитрленуге, не кадр сыртындағы аудармамен қамтамасыз етілуге тиіс.»; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдердің прокатталуы және олардың Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда көрсетілуі қазақ тілінде жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай фильмдерді Қазақстан Республикасының аумағында кинозалдар мен осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда прокаттау және көрсету басқа тілдерде де жүзеге асырылуы мүмкін.»; 6) 12-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 6) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру; 2-2) кинематографиялық қызмет субъектілерінің халықаралық кинофестивальдарға қатысуына, елде және шетелде қазақстандық кино күндерінің ұйымдастырылуына бағытталған қызметті қаржыландыру;»; «6) кинематография саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Ұлттық фильмдерді шығаруға жыл сайын бөлінетін қаражат мынадай көлемдерде бағытталады: 1) тарихи, патриоттық және имидждік фильмдерге – жетпіс пайыз; 2) жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік фильмдерді қоса қаржыландыруға – отыз пайыз.»; 5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы ұлттық фильмді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алған жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұлттық фильмдерді прокаттау мен көрсетуден түсетін кірістерден Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, алынған мемлекеттік қолдаудың пайыздық арақатынасына мөлшерлес көлемде аударымдарды жүзеге асырады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ұлттық фильмдерді, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан консультативтік-кеңесші орган – Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады. Ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды қаржыландыру, оның ішінде оларды қаржыландыру көлемдерін бөлу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру туралы шешімді уәкілетті орган Сараптама кеңесінің оң қорытындысы және Кинематография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ұсынымы негізінде қабылдайды.»; 7) 13-бапта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы: 1) ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобалар мен ұлттық фильмдерді қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдауды ұсыну, оның ішінде қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға мемлекеттік қаржылық қолдаудың жыл сайынғы сомасының жалпы көлемінің кемінде отыз бес пайызы мөлшерінде ұсыну; 2) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру; 3) кинематография саласындағы субсидияларды төлеу жөніндегі бірыңғай операторы болып табылады.»; 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Фильмді ұлттық деп тану және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан шығармашыл қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері мен кинематография саласындағы сарапшылар қатарынан Сараптама кеңесі – консультативтік-кеңесші орган құрылады.»; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: «6-1. Кинематография саласындағы ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанынан мемлекеттік органдар, кинематография қызметінің субъектілері өкілдерінің және кинематография саласындағы сарапшылардың қатарынан Ұлттық кинокомиссия – консультативтік-кеңесші орган құрылады. Ұлттық кинокомиссия туралы ережені және оның құрамын уәкілетті орган бекітеді.»; 8) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын: «13-1-бап. Ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдары Бюджет қаражаты есебінен ішінара немесе толық қаржыландырылатын ұлттық фильмдердің сахналық-қойылымдық құралдарын сақтауды, сақталып қалуын қамтамасыз етуді, пайдалануды және пайдалануға беруді қызметінің негізгі нысанасы фильмдер шығару болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға жүзеге асырады.»; 9) 14-бапта: 1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) егер фильм Қазақстан Республикасының ұлттық тарихының, қазіргі заманғы өмірінің оқиғаларын көрсетсе, Қазақстан Республикасы үшін әлеуметтік-мәдени маңызы бар жалпыадамзаттық гуманитарлық, әлеуметтік және имандылық проблемаларына, әлемдік тарих оқиғаларына арналса және (немесе) халықаралық деңгейде Қазақстан Республикасының имиджі мен беделін нығайтуға ықпал ете алатын болса; 2) фильмдерді шығару, тарату және көрсету кезінде смета бойынша жалпы жұмыс көлемінің кемінде жетпіс пайызын Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген кинематографиялық қызмет субъектілері жүзеге асырса;»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес, шетелдік кинематографиялық қызмет субъектілермен бірлесіп түсірілген фильм ұлттық деп танылуы мүмкін.»; 10) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын: «14-1-бап. Балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдер 1. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап» және «12 жастан бастап» жас санаты белгісі бар балаларға арналған фильм балалар анимациялық фильмі болып табылады. 2. Фильмдердің «6 жасқа дейін», «6 жастан бастап» және «12 жастан бастап» жас санаты белгісі бар ойын фильмі отбасымен көруге арналған фильм болып табылады. 3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдерін қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм: 1) жеке адамның зияткерлік білім тұрғысынан үйлесімді дамуына, балалардың рухани-имандылық тәлім-тәрбиесіне бағытталған болса; 2) фильмдердің жас сыныптамасына сәйкес келсе; 3) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сәйкес келсе; 4) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе; 5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса; 6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының интернет-ресурсында алдын ала онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қажетті дауыс санын жинаған болса, жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауды қаржыландыру түрінде мемлекеттік қолдау алу үшін іріктеу мынадай негіздердің жиынтығы кезінде, егер фильм: 1) отбасылық қатынастарды, рухани-имандылық құндылықтарын нығайтуға және дамытуға бағытталған болса, жалпыға бірдей қабылданған моральдық және имандылық нормаларына қайшы келмесе; 2) фильмдердің жас сыныптамасына сәйкес келсе; 3) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ақпараттық өнімді таратуға қойылатын талаптарға сәйкес келсе; 4) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне қайшы келмесе; 5) халықаралық стандарттар бойынша жоғары рейтингпен күтілетін кеңінен дистрибуциялауға арналған болса; 6) Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының интернет-ресурсында алдын ала онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша қажетті дауыс санын жинаған болса, жүзеге асырылады. 5. Онлайн дауыс беру тәртібі Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларына сәйкес айқындалады.»; 11) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: «15-бап. Кинематография саласындағы субсидия Кинематография саласында субсидиялар беруге арналған келісім (бұдан әрі – келісім) жасасқан шетелдік заңды тұлғаға, оның филиалына немесе өкілдігіне өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджеттік субсидия түрі кинематография саласындағы субсидия болып табылады. Кинематография саласындағы субсидия Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бір бөлігін) шығаруға байланысты тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын отыз пайызға дейін өтеу жолымен беріледі. Қазақстан тарапы субсидия төлеуге, ал шетелдік заңды тұлға, оның филиалы немесе өкілдігі Қазақстан Республикасында фильм (немесе оның бір бөлігін) шығаруға міндеттенетін шарт келісім болып табылады. Қазақстан тарапынан келісім жасасу құқығы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығына беріледі.»; 12) 16-баптың 1, 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік фильмдер қорының сақталып қалуына бағытталған іс-шараларды мемлекет жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік фильмдер қоры Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына (осы бапта бұдан әрі – заңды тұлға) тұрақты сақтауға беріледі. Заңды тұлға Мемлекеттік фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге, сақтауға, көшірмесін түсіруге, көбейтіп таратуға, прокаттауға және көрсетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Толық мемлекеттік қаржыландыру алған ұлттық фильмдер Мемлекеттік фильмдер қорының құрамына енгізіледі. Ішінара мемлекеттік қаржыландыру алған ұлттық фильмдер осы Заңның 13-бабының 5-тармағында аталған бірыңғай оператор мен кинематографиялық қызмет субъектілері арасында жасалған шарттар негізінде Мемлекеттік фильмдер қорының құрамына енгізіледі. 3. Заңды тұлға фильмдер, киножылнама материалдарын аналогтық жеткізгіштерден электрондық жеткізгіштерге көшіруді жүзеге асырады. 4. Заңды тұлға Мемлекеттік фильмдер қорын сақтау кезінде фильмдердің бастапқы материалдарына олардың құқық иеленушілерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін, сондай-ақ авторлық және сабақтас құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.»; 13) 18-баптың екінші бөлігіндегі «бірінші бөлігінің 2) тармақшасы, екінші бөлігінің 5) тармақшасы» деген сөздер «3) тармақшасы» деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 29 қыркүйек № 143-VII
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |