|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының (2016.28.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 3-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасы 4-бап. Пошта қызметінің негізгі қағидаттары 2-тарау. ПОШТА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 5-бап. Пошта саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті 6-бап. Пошта саласындағы құпияны қамтамасыз ету 7-бап. Пошта операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы 8-бап. Пошта саласында көрсетілетін қызметтерге тарифтер 3-тарау. ПОШТА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ 9-бап. Пошта саласындағы қызмет 10-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері 11-бап. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер 12-бап. Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының көрсетілетін қызметтері 13-бап. Пошталық ақша аударымы 14-бап. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату 15-бап. Мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда арқылы сату 16-бап. Пошта төлемінің белгілерін өткізу 17-бап. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілері және филателиялық өнім 18-бап. Гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер 19-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу 20-бап. Пошта жөнелтiлімiн алғаны туралы хабарлама 21-бап. Пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету 23-бап. Ұлттық пошта операторы 24-бап. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары 26-бап. Пошта операторларының қызметінде тілдерді қолдану 27-бап. Пошта байланысы саласында жергілікті уақытты қолдану 4-тарау. ПОШТА ЖЕЛІСІ ЖӘНЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ 28-бап. Қазақстан Республикасындағы пошта желілері 29-бап. Пошта операторларының пошта желілерін жоспарлау және дамыту 30-бап. Пошта байланысының бөлімшелері 33-бап. Абоненттік пошта жәшіктері 34-бап. Пошта операторларының атаулы құрылғылары 35-бап. Көлік құралдарын пайдалану 5-тарау. ПОШТА ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР 36-бап. Пошта операторларының көрсетілетін қызметтерінің сапасы 37-бап. Пошта операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету ерекшеліктері 38-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың құқықтарын қорғау 6-тарау. ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 39-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралары 40-бап. Ұлттық пошта операторының пошта қауіпсіздігі жүйесі 7-тарау. ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 41-бап. Халықаралық ынтымақтастық 42-бап. Тағайындалған оператор 43-бап. Халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта транзиті 45-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық 46-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгі ұғымдар пайдаланылады: 1) абонементтік жәшiк - пошта жөнелтілімдерiнiң жекелеген түрлерiн алуға арналған, өндiрiстiк объектiлерде орнатылатын, адресаттар пошта саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пайдаланатын арнайы жәшiк; 2) абоненттiк пошта жәшiгi - адресаттардың пошта жөнелтілімдерiн алуы үшiн ғимараттарда, тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда), жеке тұрғын үйлерде орнатылатын, ұяшықтары бар арнайы шкаф; 3) адресат (алушы) - пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы; 4) атаулы құрылғы - құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне пошта операторының, оның өндiрiстiк объектiсiнiң атауы, сондай-ақ пошта операторы айқындаған өзге де ақпарат көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы; 5) бандероль - мөлшері, массасы және буып-түю тәсілі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес көзделген, ішіне баспа басылымдары, іскерлік қағаздар, құжаттар және басқа да заттар салынған тіркелмейтін және тіркелетін пошта жөнелтілімі; 6) гибридтік жөнелтілім - пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа хат (пошта карточкасы) түрінде жеткізілетін электрондық хат (хабар) не пошта операторы жіберуге қабылдаған және адресатқа электрондық поштаға немесе электрондық абоненттік пошта жәшігіне электрондық хат (хабар) нысанында жеткізілетін хат; 7) гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызмет - пошта операторының гибридтік жөнелтілімді қабылдау, өңдеу, жеткізу және (немесе) табыс ету бойынша қызметі; 8) Дүниежүзілік пошта одағы - аумақтары халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өзара алмасу үшін біртұтас пошта аумағын құрайтын мүше елдерден тұратын, мақсаты пошта байланыстарын ұйымдастыру мен жетілдіруді қамтамасыз ету және осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылатын халықаралық ұйым; 9) Дүниежүзілік пошта одағының актілері - Дүниежүзілік пошта одағының Конгресінде оның Жарғысына сәйкес қабылданатын құжаттар; 10) жазбаша хат-хабар - тіркелмейтін және тіркелетін хаттар, пошта карточкалары, бандерольдер және ұсақ пакеттер; 11) жаздырып алынатын мерзiмдi баспа басылымдарын тарату - пошта операторының бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесімен немесе оның өкілімен жасалған шарт негізінде мерзімді баспасөз басылымына жазылуды, оның ішінде интернет-ресурсты пайдалана отырып қабылдау және мерзімді баспасөз басылымын қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға жеткізуді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметті ұсынуы; 12) жауап қайтарылатын халықаралық коммерциялық хат-хабар - Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес ресімделген, жөнелтуші алдын ала ақысын төлеген қайтарылатын пошта жөнелтілімін қамтитын пошта жөнелтілімі; 13) жеделдетілген пошта байланысының көрсетілетін қызметтері - пошта жөнелтілімдерін жедел өңдеу, тасымалдау, жеткізу және (немесе) табыс ету режиміндегі пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер; 14) жөнелтушi - пошта жөнелтілімiн немесе ақшаны жiберу үшiн оларды пошта операторына беретін, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы; 15) жіберілім - мөлшері, массасы және буып-түю тәсілі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес көзделген, нәрселер, заттар мен тауарлар салынған тіркелетін пошта жөнелтiлімі; 16) курьер - тіркелетін пошта жөнелтілімін өндірістік объектілерден тыс жерлерде жөнелтушіден қабылдайтын және осындай жөнелтілімді пошта жөнелтілімінде көрсетілген мекенжай бойынша адресатқа немесе жөнелтушіге табыс ететін пошта операторының жұмыскері немесе пошта операторымен жасасқан шарты бар жеке тұлға; 17) курьерлік пошта байланысының көрсетілетін қызметтері - курьер көрсететін, тіркелетін пошта жөнелтілімдерін қабылдау, тасымалдау және табыс ету бойынша көрсетілетін қызметтер; 18) операциялық күн - пошта операторы пошталық көрсетілетін қызметтер ұсынатын жұмыс уақыты; 19) өндiрiстiк объект - пошта операторының пошта саласындағы қызметті жүзеге асыруына арналған және сол үшiн жабдықталған ғимарат, ғимараттағы үй-жай; 20) пошта - пошта операторларының Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне және осы Заңға сәйкес көрсетілетін қызметтер кешенін ұсынуын және өзге де қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн байланыс түрі; 21) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері - байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің құрамына кіретін, кез келген елді мекенде көрсетілген мерзімде белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға көрсетілетін қызметтер; 22) пошта байланысының көрсетілетiн қызметтері - пошта операторының тіркелетін және тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерiн, пошталық ақша аударымдарын, гибридтік жөнелтілімдерді жiберу, мерзімді баспа басылымдарын тарату, пошта төлемі белгілерін және филателиялық өнімдерді өткізу бойынша қызметі; 23) пошта байланысының құралдары - пошта байланысының көрсетілетiн қызметтерін ұсыну үшiн қолданылатын техникалық құралдар, жабдық және технологиялар; 24) пошта жәшiгi - тіркелмейтін хаттар мен пошта карточкаларын жинауға арналған, белгiленген түстегi, нысандағы және көлемдегi жәшiк; 25) пошта желiсi - пошта операторы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде пайдаланылатын өндiрiстiк объектiлер мен пошта маршруттарының жиынтығы; 26) пошта жөнелтілімдерi - пошта операторы жіберуге қабылдаған жазбаша хат-хабар, жіберілімдер; 27) пошта жөнелтілімiн жеткiзу - пошта жөнелтілімiн межелі жердегi өндiрiстік объектiлерден абонементтiк жәшiкке немесе абоненттiк пошта жәшiгіне немесе жөнелтушi көрсеткен өзге де мекенжай бойынша апару; 28) пошта жөнелтілімiн жiберу - пошта жөнелтілімiн қабылдау, өңдеу, тасымалдау және (немесе) беру, жеткiзу және (немесе) табыс ету операцияларының жиынтығы; 29) пошта жөнелтілімiн қабылдау - жөнелтушiден қабылданған, оның iшiнде пошта жәшiктерiнен алу арқылы қабылданған пошта жөнелтілімiн одан әрi тасымалдау үшiн пошта операторының ресiмдеуi; 30) пошта жөнелтілімiн өңдеу - пошта жөнелтілімдерiн тасымалдауға дайындауды қамтамасыз ететін, олармен жасалатын өндiрiстiк операциялар; 31) пошта жөнелтілімiн табыс ету - пошта жөнелтілімiн адресаттың өзiне немесе оның заңды өкiлiне немесе сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдірiлген адамына беру; 32) пошта жөнелтілімiн тасымалдау - пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн жөнелту пунктiнен межелі жердегi өндірістік объектілерге дейiн апару (тасымалдау); 33) пошта индексi - пошта жөнелтілімiн немесе пошталық ақша аударымын жiберудi жылдамдату мақсатында жылжымайтын мүлік объектiлерiне оларды әкiмшілік-аумақтық сәйкестендіру және жүйелендіру үшін берiлетiн, мекенжайдың шартты цифрлық және әріптік белгiленуі; 34) пошта карточкасы - арнаулы стандартты бланкiге жазбаша хабар жазылған, тіркелмейтін немесе тiркелетiн пошта жөнелтілімi; 35) пошта қызметі - пошта желiлерi арқылы пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну; 36) пошта қызметі субъектiлерi - пошта операторлары және пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар; 37) пошта операторы - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, пошта қызметі саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға; 38) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы - пошта операторы ұсынатын, оның ішінде пошта операторымен өзі жасасқан шарттар негізінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтерді тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 39) пошта саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылауды, қызметті үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; 40) пошта төлемінің белгілері - пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, пошта операторы жазбаша хат-хабар жөнелтілімдеріне жапсыратын белгілер, оның ішінде пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық және өзге де белгілер; 41) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерi - айналымға уәкілеттi орган енгiзетiн, Ұлттық пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенiн растайтын пошта маркалары, блоктар, маркалы конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкирлеу машиналарының бедерлері, электрондық және өзге де белгiлер; 42) пошта штемпелi - құжаттар мен пошта жөнелтілімдерiне: пошта жөнелтілімiн қабылдауды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауы, пошта жөнелтілімiнiң жөнелтілу орны, қабылданған күнi мен уақыты; пошта жөнелтілімiн алуды жүзеге асырған өндiрiстiк объектiнiң атауы, межелі жері, алынған күнi мен уақыты; пошта жөнелтілімiн адресатқа жеткiзген және (немесе) табыс еткен өндiрiстiк объектiнiң атауы, жеткiзiлген және (немесе) табыс етілген күнi мен уақыты көрсетілген бедерлерді салуға арналған құрылғы; 43) пошталық ақша аударымы - осы Заңға және Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес жөнелтушінің адресатқа ақша жіберуге арналған тапсырмасын пошта операторының уәкiлеттi орган бекiткен пошта жөнелтілімі бланкісінің нысанын толтыра отырып орындауы бойынша пошта байланысының көрсетілетін қызметі; 44) пошталық құпия - пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың пошталық мекенжайы, дербес деректері, пошта жөнелтілімдері, олардың ішіндегісі мен орналасқан жері туралы мәліметтер; 45) пошталық мекенжай (бұдан әрi - мекенжай) - пошта жөнелтілімдерiн және пошталық ақша аударымын жеткiзу және (немесе) табыс ету үшiн пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы айқындайтын жер; 46) поштамат - пошталық ақша аударымын қоспағанда, пошта жөнелтілімдерін қабылдауға, жіберуге, сақтауға, жеткізуге (табыс етуге) және алуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 47) пошташы - пошта операторымен еңбек қатынастарында тұратын, жөнелтушіден пошта жөнелтілімдерін қабылдауды, сондай-ақ пошта жөнелтілімін адресатқа немесе жөнелтушіге жеткізуді және (немесе) табыс етуді жүзеге асыратын жұмыскер; 48) сәйкестендіру - пошта операторы жұмыскерлерінің, Ұлттық пошта операторының жеке тұлғаның ұсынылған жеке басты куәландыратын құжатқа сәйкестігін белгілеуге бағытталған әрекеттері; 49) тағайындалған оператор - пошта байланысының қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, өздеріне қатысты міндеттемелерді орындау үшін уәкілетті орган тағайындайтын пошта операторы; 50) тариф - пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу мөлшерi; 51) тiркелетiн пошта жөнелтілімi - жөнелтушiге пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірін (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код) қою арқылы түбiртек беріліп, қабылданатын және адресатқа қолхат арқылы табыс етiлетiн жазбаша хат-хабар, жіберілім; 52) тіркелмейтін пошта жөнелтілімі - жөнелтушілерге қабылданғаны туралы түбіртек берместен (пошталық тіркеу нөмірін, сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-код берместен) пошта жәшіктері немесе өндірістік объектілер арқылы қабылданатын және қолхат алмай адресатқа жеткізілетін жазбаша хат-хабар; 53) ұлттық пошта желiсi - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында әрекет ететін, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға сол арқылы қызметтер ұсынылатын Ұлттық пошта операторының пошта желісі; 54) Ұлттық пошта операторы - осы Заңда көзделген міндеттемелер жүктелген, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы; 55) үстеме төлемді пошта жөнелтілімі - беру кезінде жөнелтуші пошта операторына адресаттан өзі белгілеген ақша сомасын (үстеме төлем сомасын) алуды және оны жөнелтушінің мекенжайына жіберуді тапсыратын пошта жөнелтілімі; 56) филателиялық өнім - коллекция объектілері болып табылатын, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларына сәйкес пошта айналымынан алынған пошта төлемінің мемлекеттік белгілері; 57) франкирлеу машинасы - жазбаша хат-хабарға пошта байланысының көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенiн, жазбаша хат-хабардың және басқа да ақпараттың қабылданған күнін растайтын бедерлер салуға арналған құрылғы; 58) халықаралық қайтарым купоны - Дүниежүзілiк пошта одағы айналымға енгiзетiн, Дүниежүзілік пошта одағына мүше кез келген елде пошта маркаларына айырбастауға жататын, әуе көлiгiмен жіберiлетiн, массасы жиырма грамға дейiнгi жай халықаралық хаттың ең төмен ақысын білдiретiн құжат; 59) халықаралық пошта алмасу орны - халықаралық кіріс және шығыс пошта жөнелтілімдерін өңдеу жүзеге асырылатын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары көрсетілген жөнелтілімдерге кедендік бақылау жүргізетін өндірістік объект; 60) халықаралық пошта жөнелтілімi - Қазақстан Республикасы аумағының тыс жерлерге жiберу үшiн қабылданатын, Қазақстан Республикасының аумағына келiп түсетiн не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн пошта жөнелтiлімі; 61) хат - мөлшері, массасы және буып-түю тәсілі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес көзделген, жазбаша хабарламамен және басқа да ұсақ заттармен бірге жiберiлетiн, тіркелмейтін және тіркелетін пошта жөнелтiлімі; 62) ішкі пошта жөнелтілімі - Қазақстан Республикасының аумағы шегінде жіберу үшін қабылданатын пошта жөнелтілімі; 63) электрондық абоненттік пошта жәшігі - электрондық хаттар (хабарлар) мен құжаттарды қабылдау және жеткізу үшін Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторының ақпараттық жүйесінде құрылатын пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушының домендік атауы; 64) электрондық хат (хабар) - телекоммуникациялар желісін, интернет немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып, электрондық нысанда жіберілетін ақпарат.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға, сондай-ақ пошта саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Пошта қызметінің негізгі қағидаттары Мыналар: 1) пошта байланысы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуы; 2) Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының көрсетілетін қызметтерінің қолжетiмдiлігі; 3) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiн пошта операторларының сақтауы; 4) Қазақстан Республикасының аумағында пошта жөнелтiлімдерi қозғалысының және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдері транзитінің еркіндігі; 5) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну және осы қызметтiң нәтижелерiн пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi; 6) пошта құпиясын қамтамасыз ету; 7) Қазақстан Республикасында ұлттық пошта желісінің дамуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 8) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының қызметтерін көрсету кезінде пошта операторлары үшін пошта байланысы саласындағы қағидалар мен талаптар бiрлiгi пошта қызметінің қағидаттары болып табылады.
2-тарау. ПОШТА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-бап. Пошта саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті 1) пошта саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 2) Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 4) Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiтедi; 5) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекітеді; 6) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастырады; 7) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды бекітеді; 8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді және олардың іске асырылуын ұйымдастырады; 9) арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді; 10) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді; 11) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде әрекет етедi, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және қорғайды; 12) кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық пошта операторының немесе пошта операторларының өтініштері бойынша халықаралық пошта алмасу орындарын бекітеді; 13) операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекітеді; 14) операторды тағайындайды және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алады; 15) пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекітеді; 16) пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларын бекітеді; 17) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келіседі, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды айқындайды; 18) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асырады; 19) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекітеді; 20) абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды бекітеді; 21) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекітеді; 22) пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекітеді; 23) Ұлттық пошта операторын айқындайды; 24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері: 1) пошта операторларына өздерінің аумақтарына өндірістік объектілерді орналастыруында жәрдем көрсетеді; 2) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында пошта байланысының тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдеседі; 3) кондоминиум объектілерін басқару органдарымен, тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың меншік иелерімен олардың абоненттік пошта жәшіктерін қамтамасыз етуі және оларды тиісінше пайдалану жөнінде жұмыс жүргізеді.
6-бап. Пошта саласындағы құпияны қамтамасыз ету 1. Мемлекет әрбір пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыға пошта құпиясы құқығына кепілдік береді. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана осы құқықты шектеулерге жол беріледі. 2. Пошта саласындағы құпия пошта құпиясы және банк құпиясы болып бөлінеді. Пошта құпиясын және банк құпиясын сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі талаптар осы Заңда және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 3. Пошта операторлары пошта саласындағы құпияны қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, пошта жөнелтілімдерін ашу процесіне қатысқан пошта операторларының жұмыскерлері Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей белгіленген жағдайларды қоспағанда, пошта құпиясын сақтаумен байланысты ақпаратты жариялауға құқылы емес. 4. Пошта саласындағы құпияның бұзылуына жол берген пошта операторларының лауазымды адамдары мен басқа да жұмыскерлері, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады. 5. Пошта жөнелтілімдерін қарап-тексеруді, алуды және тыйым салуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана соттар, құқық қорғау органдары және арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
7-бап. Пошта операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы 1. Қазақстан Республикасының аумағында пошта қызметін жүзеге асыратын пошта операторлары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес пошта байланысы желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға пошта байланысының барлық желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды өткізу нысандары мен тәсілдерінің ашылуын болдырмау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасы4-бап. Пошта қызметінің негізгі қағидаттары 2-тарау. ПОШТА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ5-бап. Пошта саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреті6-бап. Пошта саласындағы құпияны қамтамасыз ету7-бап. Пошта операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы8-бап. Пошта саласында көрсетілетін қызметтерге тарифтер 3-тарау. ПОШТА САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ9-бап. Пошта саласындағы қызмет10-бап. Пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері11-бап. Тіркелетін пошта жөнелтілімдерін жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер12-бап. Жеделдетілген және курьерлік пошта байланысының көрсетілетін қызметтері13-бап. Пошталық ақша аударымы14-бап. Жаздырып алынатын мерзімді баспа басылымдарын тарату15-бап. Мерзімді баспа басылымдарын бөлшек сауда арқылы сату16-бап. Пошта төлемінің белгілерін өткізу17-бап. Пошта төлемінің мемлекеттік белгілері және филателиялық өнім18-бап. Гибридтік жөнелтілімді жіберу бойынша көрсетілетін қызметтер19-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу20-бап. Пошта жөнелтiлімiн алғаны туралы хабарлама21-бап. Пошта жөнелтiлімiн қайтару, мекенжайды өзгерту немесе түзету22-бап. Пошта операторлары23-бап. Ұлттық пошта операторы24-бап. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидалары25-бап. Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезiндегi шектеулер және салынатын тыйымдар26-бап. Пошта операторларының қызметінде тілдерді қолдану27-бап. Пошта байланысы саласында жергілікті уақытты қолдану 4-тарау. ПОШТА ЖЕЛІСІ ЖӘНЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ28-бап. Қазақстан Республикасындағы пошта желілері29-бап. Пошта операторларының пошта желілерін жоспарлау және дамыту30-бап. Пошта байланысының бөлімшелері31-бап. Пошта маршруттары32-бап. Пошта жәшіктері33-бап. Абоненттік пошта жәшіктері34-бап. Пошта операторларының атаулы құрылғылары35-бап. Көлік құралдарын пайдалану 5-тарау. ПОШТА ОПЕРАТОРЛАРЫНЫҢ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР36-бап. Пошта операторларының көрсетілетін қызметтерінің сапасы37-бап. Пошта операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсету ерекшеліктері38-бап. Пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың құқықтарын қорғау 6-тарау. ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ39-бап. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралары40-бап. Ұлттық пошта операторының пошта қауіпсіздігі жүйесі 7-тарау. ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ41-бап. Халықаралық ынтымақтастық42-бап. Тағайындалған оператор43-бап. Халықаралық пошта алмасу және халықаралық пошта транзиті 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |