Мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 313 «Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Мәслихаттың «Рудный қаласының 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 313 шешіміне (2019 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8182 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағында: 1), 2), 3) және 4) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын: «1) кірістер - 19 231 313,1 мың теңге оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 14 586 861,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 45 023,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 95 292,0 мың теңге; трансферттер түсімі бойынша - 4 504 137,1 мың теңге; 2) шығындар - 20 177 983,1 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - -20 000,0 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 20 000,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - -98 380,0 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу - 4 970,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 103 350,0 мың теңге;»; көрсетілген шешімнің 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. 2019 жылға арналған Рудный қаласының жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері 36 769,1 мың теңге сомасында бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|